Үйді таза ұстауға көмектесетін 3 бөлме өсімдігі

Бұл бөлме өсімдіктері үйдің ауасын шаң мен ластықтан, иіс газынан және канцерогендерден тазартуға көмектеседі. Оның үстіне олар аса күтімді қажет етпейді және заманауи интерьерге оңай үйлесе кетеді.

Бөлме өсімдіктері — интерьердің сәндік элементі ғана емес. Олар өздерінің оттек бөлетін және ауаны шаң бөліктерінен тазарта алатын қасиетімен белгілі.

Ағылшын шырмауығы
Ағылшын шырмауығының барлық түрі шаңды жинауға жақсы келеді. Сондай-ақ, олардың ылғал мен ауадағы булануды жұтатыны белгілі: сондықтан олар — көгеруге қарсы жақсы құрал. Сол үшін де бұл өсімдіктерді көбіне ас үй мен жуынатын бөлмеге қояды. Оны сатылымнан оңай табуға болады, ол сөрелерде әдемі көрінеді және аса күтімді қажет етпейді. Ағылшын шырмауығы канцерогендер мен көмірқышқыл газын, ауыр металдар мен формальдегидтердің тұздарын тиімді жұтады. Оған аптасына екі рет су шашқан жөн. Ол көп суарудан гөрі құрғақшылықты жақсы көтереді. Оның жапырақтары мен жемістері улы, сондықтан үйде кішкентай бала болса, абай болу керек.

Фикус
Фикустің үлкен жапырақтары майлап қойған секілді жылтырап тұрады. Соның арқасында ол ластықты жақсы жұтады және бөлмедегі ауаны тазалықпен қамтамасыз етеді. Жапырағы үлкен бөлме гүлдері басқа өсімдіктерге қарағанда ауаны ластықтан жақсы тазартатыны ғылыми дәлелденген. Сондықтан да фикус — үйді таза ұстауға көмектесетін ең жақсы бөлме өсімдігі. Күніне бір рет фикустың жапырақтарын құрғақ дәкемен сүртіп тұру немесе су шашу арқылы оның шаң тазалаудағы тиімділігін арттыра аласыз.

Хлорофитум
Хлорофитум немесе «өрмекші өсімдігі» — нағыз табиғи сорбент. Зерттеулер бойынша, екі күннің ішінде-ақ өрмекші өсімдігі бөлмедегі уыттардың шамамен 90 пайызын жоя алады. Оны жиі иіс газы бар болуы мүмкін жерлерде ұстайды, себебі ол ыдырау өнімдерін бейтараптандырады. Мысалы, оны газ плитасы бар ас үйге қоюға болады. Хлорофитум ауаны жақсы тазартады және ондағы ылғалды жояды.