Үй тұрғызу үшін қанша қаражат керек?

Үй тұрғызу үшін қанша қаражат керек?

Баспаналы болу мұң болып, түсіне еніп жүрген адамдар үшін үйді сатып алудан үйді қолдан тұрғызу тиімдірек. 

Осы орайда Massaget.kz Алматы қаласында екі бөлмелі үй салып бітірген Әнуар Жолсейітов есімді азаматпен әңгімелесіп көрді.

Әнуар Жолсейтов:

"Мен Алматы қаласынан 30 км жерден 5 сотық жерді 1 млн теңгеге сатып алдым. Жердің құжаттарын жөндеу үшін біраз уақытым кетіп қалды. Сондықтан жер алып, үй салам деген адам құжатына тиянақты қарағаны жөн. Сатып алған жеріме 2 бөлмелі үй (9Х7) тұрғыздым. Осы үйдің іргетасын құю үшін 260 мың теңге кетті. Үйдің қабырғасын көтеру үшін 8 мың кірпіш алдым. Бір кірпіш – 18 теңге. Кірпішті өзім жүк көлігімен тасыдым. Кірпіштен бөлек, құрылыс материалдарын да сатып алдым. Төбені жабуға шамамен 250 мың кетті. Мен інілерімнің көмегімен өзім тұрғыздым. Ал кейбіреулер үй салу үшін адам жалдайды. Осы тұрғыда сәл үнемдедім деуіме болады. 

Бәрін есептегенде, қалтамнан 4 млн ақша шықты".

Дайындаған: Мейіргүл Сержанқызы

Сурет: grifx.net

Р. Роза