Үй туралы қанатты сөздер

Үй туралы ел аузында жүрген қанатты сөздерді ұсынамыз.

***

Үй – еркек жоқта әйелдің жұмыс істеуі, әйел барда еркектің демалуы.

***

Үй-жұмыс, үй-жұмыс, екі өмірдің арасында тіршілік ету оңай емес.

***

Үйге апаратын жол біз үйден кеткен сәтте басталады. 

***

Үйде бәрінен де мұқият сақталатын зат – ешкімге керексіз қалса да, лақтырылмаған дүниелер. 

***

Ата-анаңның үйі – шағын жұмақ: ол жақта жақсы ұйықтайсың, тоя тамақтанасың, ал айнасы сені әдемі етіп көрсетеді. 

***

Үйде хан болғың келсе, әйеліңді ханшайымға айналдыр. 

***

Отбасы өмірінің құпиясы үш сөзде жатыр, олар: "сенікі дұрыс, жаным". 

***

Бақыт деген – таңертең жұмысқа, кешке үйге асығуың. 

***

Жұмыста үйден, үйде жұмыстан демаласың. 

***

Адамның екі қуанышы бар: жас кезінде үйден шығуы, қартайғанда үйге жетіп алуы. 

***

Мекенжайсыз адам күдікті көрінеді, екі мекенжайы бар адам одан да күдікті.