Қазір көпшілігі үй шаруасында да, денсаулық сақтау саласында да, қай жерде де табиғи жолды таңдауға тырысады. Ал үй тазалауға кіріскенде эфир майымен достассаңыз, хош иіске бөленіп, денсаулығыңызға да пайдасы тиіп, қалтаңызға да шығын келмейді. Арзан әрі оңай тәсілмен жаныңызға жайлылық сыйлаңыз.
Шаңсорғыш. Мақтаның кішкене бөлігіне иланг-иланг эфир майын тамызып, оны шаңсорғышпен ішіне тартсаңыз, майдың хош иісі шаңсорғыштағы шаңның иісін жояды. Бұл шаңнан аллергиясы бар адамдарға зор көмек болады.
Киім-кешек. Түкті қолғапқа өзіңіз жақсы көретін эфир майынан шамалап 6-7 тамшы тамызыңыз да, кір жуғаннан кейін кептіретін жерге киімдердің жанына қойыңыз. Киімдер кепкенше хош иіс сіңіп, сізге ленор секілді қымбат концетраттың қажеті де болмайды.
Тоңазытқыш. Шүберекке 2 тамшы мандарин майы және 2 тамшы лаванда майын тамызып, оны тоңазытқышқа салып қойыңыз. Уақыт өткен сайын майды жаңалап тамызып отырыңыз. Тоңазытқыштағы артық иісті жойып, орнына хош иіс бөліп тұрады.
Қоқыс шелегі. Дөңгелек мақтаға 1 тамшы апельсин майы мен 1 тамшы шай ағашы майын тамызып, жақсылап жуылған шелектің түбіне салып қойыңыз.
Қысқатолқынды пеш. Бір стақан суға 5-4 тамшы лимон эфир майын тамызып, оны қысқатолқынды пешке салыңыз да, 3-4 минут ең жоғары температурада қыздырыңыз. Пешіңіз жаңарып, тазарып қалады.
Жиһаз үшін және қақты кетіру. Бір литр сіркесуына (уксус) 10-12 тамшы шалфей майы, шай ағашы эфир майы және де лимон майын тамызыңыз. Осы сұйықтықты зарарсыздандыратын және мінсіз тазартатын ең арзан құрал ретінде қолдансаңыз болады.