- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй шашылмау үшін...
Үй шашылмау үшін не істеу керек?
Үй ішіндегі әрбір зат, әр киім маңызды сияқты және әрқайсысы әйтеуір бір күні қажет болып қалардай көрінеді. Осылайша жинала берген заттар үйдің тез шашылуына, артық заттардың көп болуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде үй жинау процесін қиындатады.
- Ешқашан «кәдесыйлар» сатып алмаңыз.
- Үйіңізде тым құрығанда бір жәшік бос тұруы қажет.
- Назар аударыңыз – тамақ ішетін үстелдің беті көріне ме?
- Сирек қолданатын асхана құралдарын тығып қойыңыз.
- Ескі газет пен журналдардан құтылыңыз, оларды екі айдан ұзақ сақтаудың қажеті жоқ, осы аралықта отбасыңыздың барлық мүшесі оларды оқып үлгереді.
- Үйіңізде әр зат үшін арнайы орын тағайындаңыз.
- Үй жинағанда артық зат көріп қалсаңыз, «Мына зат маған қандай пайда әкеледі?» деп өз-өзіңізден сұраңыз. Егер мардымды жауап таппасаңыз, аямай тастай салыңыз.
- Жатын бөлмедегі креслоны, ас үйдегі терезе алды тақтайды немесе ауыз бөлмедегі тумбочканы ескі-құсқы заттар жиналатын орын етпеңіз.
- Бөлмеден шыққанда жарықты сөндіріп жүріңіз.
- Жеңілдектерге бола асығыс сауда жасамаңыз. Қатты қажет болмаса, одан бас тартыңыз.
- Бір затты сақтап қоярдың алдында «Бұл маған шынымен керек пе?» деп сұраңыз.
- Кейбір тегін келетін заттардың еш пайдасы болмайды. Олармен үйді толтыра бергенше бас тартыңыз.
- Шкафыңызда ілгіштер саны жеткілікті болғанын қадағалаңыз.
- Таңертең тұрғанда төсектерді жинап шығыңыз.
- Кілттерді арнайы бір орында сақтаңыз.
- Әр кеш сайын өз орнында жатпаған заттарды жинастырып барып жатыңыз.
- Оқылмаған кітаптарыңыз, көрілмеген фильмдеріңіз бен тыңдалмаған дисктеріңіз барда жаңасын сатып алудың қажеті жоқ, алдымен қолда барыңызды пайдаланып алыңыз.
- Пальтоңызды шешкен соң ауыз үйге тастап кетпей, міндетті түрде іліп қойыңыз.
- Қоқыс жәшіктің сыртына шығып кетпейінше тастап үлгеріңіз. Керек болып қалар деген қорқынышпен лақтыруға қимайтын киімдерді бір қорапқа жинаңыз да, алыс бір жерге тығып қойыңыз. Осылайша, бұл заттар сізге кедергі келтірмейді, бірақ олардың бар екенін біліп көңіліңіз тыныш болады.
- Киілмейтін киімдерді қорапқа жинап, бетін жауып, күнін белгілеп қойыңыз. Егер бір жылдан кейін бұл киімдерді ешқайда кимеген болсаңыз, аямай тастай берсеңіз болады.
- Істен шыққан заттарды тастаңыз. 10 жыл бұрын істемей қалған шам ғажайып түрде істеп кетеді деп күтпеңіз.
- Егер бірдеңе таба алмай жатсаңыз, үй жинауға кірісіңіз.
A. Mustafina