- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй шаруасына қажет...
Үй шаруасына қажет қарапайым қулықтар
Лимон шырыны – жақсы ағартқыш. Жуған кезде лимон шырынын тамызсаңыз, сарғайған киіміңіз қалпына келеді.
Ескі орындықты аяқ киім майымен бояуға болады.
Пайдасыз тіс щеткасымен кафельдің ұсақ кірлерін кетіре аласыз.
Бөтелкенің ішін жуу үшін сабынды суға бір қасық күріш қосып, шайқаңыз.
Қажетсіз құтыны қоқым салғышқа айналдыруға болады.
Тақтайдың кір тұсын лимон жақсы тазартады. Лимонды екіге бөліп, тақтайға қойыңыз. 20 минуттан кейін сумен жуыңыз.
Сурет: vk.com, offthebeatenpathministries.com
Р. Роза