Үй шәркесі қандай болу керек?

Адамның табанына шыққан саңырауқұлақтан қалай құтылып, болашақта ол қайтып оралмау үшін не істеу керек?  Дәрі-дәрмекпен қатар профилактика да қажет: Үйге киетін шәркені дұрыс таңдап үйреніңіз.

Тақасы бар ашық аяқ киім тек қонақ шақырған кезде ғана жақсы шешім болуы мүмкін. Бірақ күнделікті өмірде ондай шәркемен аяғыңызды шалыс басып, шығарып алуыңыз мүмкін.

2. Үлкен жұмсақ шәркені тек тоңып қалып, аяғыңызды жылыту үшін киюге болады. Бірақ күні бойы мұндаймен әсіресе егде адамдарға, жүруге болмайды. Бұл аяқ киімдер тым көлемді, табаны жұмсақ, тайғақ келеді және табан еденге нық басылмайды. Шәрке керісінше, шағын және тайғақ емес болуы керек.  


3. Үйге киетін аяқ киім оңай жуылуы тиіс. Оны аптасына бір рет жуып тұру керек. Олай болмаған жағдайда, шәркеңіз бактерий мен саңырауқұлақтың ұясына айналады.  


4. Шәркенің ең дұрыс түрі: қысқартылған шұлық, тазартылуы жеңіл, киюге өте ыңғайлы. 

5. Шәркені қолдан тоқысаңыз да болады. Әлбетте, шәркені тоқу үшін алдымен тоқып үйренуіңіз керек. Тоқудың қыр-сырын алда айтып өтетін боламыз. 


Аяғыңызды аялаңыз!

Сурет: linesecret.ru, novosibirsk.olx.ru, vioshoes.com