Үй кітапханасының жаңа формасы

Кезекті материалымызды кітапсүйер оқырмандарға арнаймыз. Олар әдетте кітапты сатып алғанда қайда қоямын деп әуреленбейді. Нәтижесінде үйдің іші кітапқа толып, олардан аяқ алып жүре алмайтындай кездерге тап болып, оларды не істеймін деген сұрақ туындайды. Ойланамын дегенше кітаптар саны көбейіп, үйдің тұтастай бір бөлмесін алады. Осындай ретсіздіктер болмас үшін дизайнерлер үй кітапханасын жасауды ұсынады.

Қонақ үйдегі түрлі-түсті сөрелері бар кітапхана


Кітаптарды сөрелерге орналастыру арқылы ерекше сән беруге болады. Мұндайда кітапхананың көп орын алып тұрғанын байқатпау үшін керегенің түсімен бірдей етіп бояған жөн. Әдетте ақ түске бояйды.

Бейтарап түсті кітап сөрелері

Кез келген бейтарап немесе көк сұр түстердің үйдегі жиһаздардың барлығымен үйлесу қасиеті бар.

Түрлі-түсті заманауи сөрелер

Сөрелерді бояуда тек солғын түстерді ғана емес, қанық түстерді де пайдалануға болады. Мысалы, қызыл түс. Мамандар бұндай қанық түстерді бейтарап түсті жиһаздармен жабдықталған бөлмеге пайдалануға кеңес береді. Сөрелердің түсі жиһаздармен үйлеспесе де, түрлі акссесуарлармен түстес келгені жөн.


Қонақ үйдегі кітаптар

Қанық түстерді көп пайдалануға ыңғайыссыздансаңыз, орнына бірнешеуін ғана бояп қоюыңызға болады. Әрбір деталь өзімен үйлесетін затын тауып, қарапайым безендірумен тең келеді.

Кітаптарды дәстүрлі түрде тікесінен қаз-қатар тізіп шығудың қажеті жоқ

Сөрелерге кітаптармен қоса журналдарды, альбомдарды қоюға болады. Оларды тікесінен немесе көлденең орналастырыңыз. Бастысы көзді жалықтыратын көріністен аулақ болу.

Сөрелердегі түрлі-түсті кітаптар

Кез келген жағдайда детальдардың да үйлесімділігін қарастырған жөн. Барлығы да симметриялы тепе-теңдікте орналасса, ерекше сүйкімділікке ие болады. Детальдарды ескеру арқылы табыстың кілтіне ие болуға болатынын да ескеріңіз.

Кітаптардан жасалған түрлі-түсті калейдоскоп

Мұнымен қатар, кітаптардың түсі де белгілі рөл атқаратындығын ескергеніміз жөн.

Ақ шкафтағы кітаптар

Кітаптарды түстерімен орналастыру арқылы жыртылып, мыжылып қалған тұстарын жасырып қоюға болады. Әдетте, адамдар көз алдындағы кемпірқосақты көргенді, оның кемшіліктерін ұмытып кетеді.

Төңкерілген кітаптар

Кітапханаңыздың ешкімге ұқсамағанын қаласаңыз, кітаптарды кері жағымен орналастыруыңызға болады. 

Кітап сөрелеріндегі декоративті детальдар

Сарбаздардай тізілген кітаптардың арасына түрлі аксессуарларды қосып қоюға болады. Қонақтарды қызықтыра түскіңіз келсе, үш кітаптан соң бір аксессуар қойып отырыңыз.


Кітап сөрелеріндегі бос кеңістік

Кітаптарды бірінің артына бірін тізіп қою – ескі сән. Лайық аксессуарлар болмаған жағдайда бос кеңістікті ашық қалдырған да жөн.

Отбасы мүшелеріне арналған кітап сөрелері

Кішкене сөрелерді үйдегі бүлдіршіндерге тарту етуге болады. Бұл жерде олардың ойыншықтары мен ертегі кітапары орналасады. Сәнді болсын деп қажеттілікке жарамай қалғаны да қателік.

Тор тәріздес кітап сөрелері

Аты айтып тұрғандай кітаптар бірдей көлемде жасалған төртбұрышты сөрелерге орналасады.

Ал сіздің кітапханаңыз қандай?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru