Үй киімін таңдайық

Үй киімін таңдайық

Жұмыста, көшеде жүргенде барынша сәнді, стильді киінуге тырысамыз. Ал үйде қолға не түссе, соны кие салу - өзіңді сыйламайтыныңның белгісі. Адамның шынайы бейнесі жалғыз қалғанда ғана ашылады. Сондықтан өзіңді сыйлату өзіңді сыйлаудан басталады. Үйге қонақ келмесе де, жинақы, сәнді жүруге болады. Ол үшін гардеробқа арнайы үй киімдерін қосыңыз. 

Ерекше стильді үй киімдерін сатып алып қойыңыз. Бұны мейрам күндері ұялмай киесіз. Түсі жылы, нәзік болғанын қадағалаңыз. Көңіл-күйді көтеретін суреттері болғаны жөн. Ашық түсті үй киімдері тез кірлейді. Десе де ондай ашық түстілері де гардеробта болуы керек. Оны өзіңіз үшін маңызды күндерде киесіз. 

Үй киімі үй жұмыстарымен айналысуға кедергі келтірмейтіндей жайлы болуы керек. Ал халат таңдағанда, бәрі киіп жүргенін емес, бағасы қымбатын таңдауға ұмтылыңыз. Көп уақытымыз үйде өтетіндіктен, ондай халатты ұзақ уақыт киіп жүруге болады. Десе де халат адамды ұйықтай кетуге, жалқаулыққа итермелейді екен.

Шорты мен жейде - үй киімінің таптырмас нұсқасы. Ыстық күндері теріңізге жайлы тиетін табиғи матадан тігілгенін таңдаңыз. Үй киімінің көрер көзге сүйкімді болғаны дұрыс. 

Өз көңіліңіз толатын көңілді үй аяқ киімдерін алып қоюды ұмытпаңыз! Бұндайдың түр-түрін алып қойсаңыз, үйге келген адамдарға да ұсынуға өте ыңғайлы. Ескіріп кеткен үй киімдерін аямай лақтырыңыз! Ескі киімдермен бірге жаман энергия да жойылады. 

Айтпақшы құрбыларыңыз, әпке-сіңлілеріңіз үшін кез келген үй киімі - керемет сыйлық. 

Ал сіз үйде көбіне не киесіз? 

Оқи отырыңыз:

Үйге аса қажет 10 қарапайым зат

Қазақтың қыз-келіншектері қалай киінген?

Слипер - ақсүйектер аяқ-киімі

Сурет: aliexpress.com, vk.com

Р. Роза