Үй жинау кестесі

Күнделікті сабақтан немесе жұмыстан үйге қайтып келген кезде бізді отбасы мүшелері қарсы алады. Іні-қарындастарымыз алдымыздан жүгіріп шығып, мойнымызға асылады. Ал ата-анамыз күніміздің қалай өткенін сұрайды. Өкінішке орай, жадыраған көңіл-күйімізді шашылып жатқан үй бұзуы мүмкін. Өйткені пәтер де - бізді қарсы алушылардың бірі.  

Көп адам үйін сенбі күні тазалап, тазалық үшін бір күнін жұмсайды. Барлығын ретке келтірген соң шаршап, еш нәрсемен айналыса алмай қалады.  Егер үйіңізді жылдам ретке келтіріп, үнемі таза болғанын қаласаңыз, төмендегідей кесте құрыңыз.

Мысалы:

1. Дәліз

2. Асхана

3. Қонақ бөлме

4. Балалар бөлмесі

5. Жуынатын бөлме

Тамыз айына арналған кесте

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

 

 

 

 

1

2

Асхана

3

Дәліз

4

5

Қонақ бөлме

6

7

Балалар бөлмесі

8

9

10

Жуынатын бөлме

11

12

13

14

15

16

17

18

Дәліз

19

20

Асхана

21

22

Қонақ бөлме

23

24

Балалар бөлмесі

25

26

Жуынатын бөлме

27

28

Дәліз

29

30

Асхана

31

Әрине бірден кестеге сәйкес тазалау қиын. Үйдің бір бөлігі тап-таза тұрған кезде, екінші лас бөлігінде кіргіміз келмей қалуы да ғажап емес. Бірақ нәтижесі бар екенін біліңіз. Мысалы «асхана» күнінде тоңазытқышты да жақсылап жуып алуыңызға болады.

Ал сіз үйді қалай тазалайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: hop.com