Қазіргі таңда табиғи ағаштан жасалған жиһаздар өте қымбат тұрады. Осыған орай отбасы бюджетін жинақтап, пластик, әйнек, ламинадталған ДСП секілді арзан материалдардан жасалғандарын таңдаймыз. Ал табиғи ағаштан жасалған жиһаздың денсаулыққа пайдасын тигізіп, үйдегі микроклиматты жақсартатынын білесіз бе? Білмесеңіз, ол ағаштардың пайдасын жеке-жеке талдап көрейік.
Ақ қайың
Ақ қайыңға жарқын түс беретін бетулин органикалық бояуының құрамында күміс иондары бар. Сол иондар микробтарға қарсы әрекет етеді. Бұдан өзге қайың эфир майларының қайнар көзі болып табылады.
Шырша
Шырша ағашының иісі тыныс алу жолдарына зақым келген адамдар үшін өте пайдалы. Мұнымен қатар ауаға инфекцияға қарсы тұратын фитонцидтерді бөледі. Әсіресе қылқан жапырақты түрі адамның белсенді болуын қамтамасыз етеді.
Балқарағай
Бұл ағашты әдетте «емдік қасиеті бар ағаш» деп те атайды. Ал одан жасалатын жиһаз экологиялық деп танылады. Оның иісі де ерекше. Ғалымдардың айтуынша, иісі күйзелістен арылуға септігін тигізеді.
Жалғасы бар...
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru