- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй жабдықтарын тазалайтын...
Үй жабдықтарын тазалайтын апельсин сіркесін дайындайық
Соңғы кездері үй тазалауға табиғи құралдарды сатып алуға немесе жасап алуға тырысамыз. Себебі, олардың денсаулыққа зияны жоқ әрі қаржы жағынан үнемдік пайдасы бар.
Бүгінгі материалда үйді тазалауға арналған, соның ішінде әйнекті нәрселерді жақсы тазалайтын және иісі жағымды апельсин сіркесін дайындауды көрсетеміз.
Апельсин сіркесін дайындау үшін мына нәрселер қажет:
- апельсин қабығы;
- ақ сірке суы;
- құты (шыны);
- шашқышы бар ыдыс.
Дайындалу жолы:
Құтыға апельсин қабықтарын салыңыз. Оған тазартылған ақ сірке суын құйып, 2 апта қараңғы жерде ұстаңыз. Одан соң құтыдағы сұйықтықты шашқышы бар ыдысқа құйыңыз. Дайын сұйықтықты 1:1 қатынасында сумен араластырсаңыз да болады. Апельсин сіркесін жазықтыққа шашып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Бұл құралмен әйнекті жабдықтар мен терезелерді сүртуге болады.