- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй интерьерінің көңіл-күйімізге...
Үй интерьерінің көңіл-күйімізге әсері
Кейде көңіл-күйіміздің түсіп, есіней беруімізге үй интерьері мен тұрмыстық техника әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдаған кезде мұқият болу қажет.
№ 1 Үйдің шашылуы
Үйді жинасам, қатты шаршап қаламын деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ шашылып жатқан үйдің одан қаттырақ шаршата түсетінін біле жүріңіз. Принстон университетінің ғалымдары мұндай ортада адам ақылын күйзеліске шығындайтынын анықтады.
№ 2 Көгілдір кереге
2000 жатын бөлме мен адамды зерттеген Travelodge орталығы көгілдір керегенің жүрек қағысын баяулатып, қан қысымын төмендетіп, адамның ұйқысын келтіретінін анықтаған. Сол себепті мұндай түсті тек жатын бөлмеге ғана қолданған жөн.
№ 3 Теледидар мен планшет-компьютер
Екі құрылғы да көгілдір түсті толқын бөліп, миыңыздың мелотин бөліп шығаруына кедергі жасайды. Бұл ұйқыңыздың бұзылып, келесі күні ұйқылы ояу жүретініңізді меңзейді.
№ 4 Кофе қайнатқыш
Бұл гаджет таңертең ғана көмектеседі, қалған уақытта адамның ұйқысын келтіреді. Бастапқыда кофеин энергияны арттырып, сергектік сезімін сыйлайды. Бірақ уақыт өте келе күші кетіп, шаршай бастайсыз.
№ 5 Лаванды иісі бар майшам
Бұл иіс кез келген адамға жайлылық сезімін сыйлайтыны анық. Осының арқасында өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Wesleyan университетінің психологтары лаванда майшамы жанып тұрған бөлмеде ұйықтаған адамдардың ұйқысы қанық болатынын айтады. Сондықтан күндіз шаршағандықты басатын цитрусты немесе жалбызды иістің шығып тұрғаны дұрыс.
№ 6 Зиянды тағамдар
Құрамында көмірсу мен қанты көп тағамдар қан құрамындағы қант мөлшерін бірден көбейтеді.
№ 7 Термостаттағы төмен температура
Зерттеулер ұйқыға төмен температураның қолайлы екенін анықтап отыр. Егер үйіңіз суық болса, ұйқыңыз келуі мүмкін. Сондықтан күндіз от жағуға тырысыңыз.
№ 8 Ұялы телефон
National Sleep Foundation зерттеулері 19 бен 29 жас аралығандағы адамдардың 20 пайызы күтпеген қоңыраудан оянып кететіндігін анықтаған. Адам қоңыраудың немесе хаттың дыбысынан бірнеше рет оянып кетуі мүмкін. Сондықтан жатарда телефонды дыбыссыз режимге қойған жөн.
№ 9 Қалың перде
Кеңседе күннің астында отыратын қызметкерлер басқаларына қарағанда орташа есеппен 46 минутқа ұзағырақ ұйықтап, ұйқылары қанған екен. Түнде ұйқы жақсы қануы үшін күндіз бөлменің іші жарық болуы тиіс. Сондықтан қалың перделерді жұқасымен алмастырсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
Қ. Бүйенбай