Жазда көбіміз ақ киім кигенді ұнатамыз. Аталған түс биылғы маусымның сінді түстерінің қатарына кіреді. Уақыт өте келе ақ киім сұрланып, өңі бұзылады. Оны қалай ағартуға болады?
Қолмен жуатын болсаңыз
Бір шелек суға кір жуатын ұнтақ пен кішкене марганец ерітіндісін қосыңыз. Су қызғылт түске боялуы керек. Ақ киімді кәдімгідей жуған соң шелекке салыңыз. Пакетпен шелекті жауып, су жылығанша күтіңіз.
1 шай қасық 3 пайызды сутек тотығын 2 литр суға құйыңыз. Оған киімді салып, 20 минут күтіңіз. Арасында суды араластырған жөн. Сонда киім бір тұтас болып ағарады.
Сондай-ақ бор спиртінің қоспасымен тазартуға болады. Ол үшін 2 ас қасық бор спиртін 1 литр суға қосып, араластырыңыз. Киімді салып, 10-20 минуттай күтіңіз.
Егер киімге майлы дақ жұқса, жуудың алдында ыстық суда тазалап алу керек. Ол үшін сабынды үккіште үгітіп, 1 литр суға саламыз. Ерітінді суыған соң жарты литр керосин мен 1 ас қасық сода қосыңыз. Дақтарды осы ерітіндімен жақсылап сүртіп, бір тәулікке қалдырыңыз. Уақыт өткен соң әдеттегідей жуыңыз.
Кір жуғыш машинада жуатын болсаңыз
Машинаға ұнтақпен қоса оны күшейтетін қоспаны да құйыңыз. Қазір дүкенде ондай қоспаның түрі көп.
Киімді ағартудан гөрі оны қаз қалпында сақтауға тырысу керек. Ол үшін киім жуу кезінде материалына қараңыз. Зығыр, мақта, синтетика, полиэстер, жүн сияқты маталарды араластырып жусаңыз, киім сұрланып, өңін жоғалтады. Сол себепті матасы тектес киімдерді бірге немесе бөлек қолмен жуған абзал.