Айналамыздағы заттар тек ыңғайлы мен әдемі емес, сондай-ақ өзіндік ерекше болса қалай болар еді? Көңіліңізді көтере алатын мынандай заттарды қалайсыз ба?
Ағып тұрған үстелОсындай үстел басына достарыңызды жинасаңыз, таң қалған қонақтарыңызды тыңдауға дайын болыңыз. Алайда, бұл үстелдің басында өзің жалғыз қалып тамақтану қорқынышты болмақ...
Түнгі ұйқыңыз жарыңызды итеру мен бір-біріңізді тебумен өтеді ме? Өз жарты төсегіңізді ешкімге бергіңіз келмейді ме? Сүйіктіңіз иығыңызда жатып, сізді жерге итеріп тастап, таңертең ештеңе болмағандай жүреді ме? Өз территорияңызды сақтап қалыңыз! Мына өлшеуішпен сіз оған әрқашан аймақтың тәуелсіздігі бұзылғандығы жайлы ескерте аласыз!
Күннің жарығындай жарық беретін мына гүл шамы таңертең тұра алмайтын жандарға арналған. Шамға оянуыңыз керек уақытты белгілеп қойсаңыз, сол уақытқа бір сағат қалғанда, гүл ашыла бастайды. Оянуыңыз оңай, тез, әрі өзіңізге жағымды болады. Ал бұл - сәтті күннің алғышарты.
Ал сіздің үйіңізге осындай заттар қажет пе?
Суреттер woman.ru сайтынан алынды.