- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Үй бикесінің назарына...
Үй бикесінің назарына
Әр үй бикесінің тұрмыста қолданатын өзіндік амал-айлалары болады. Назарларыңызға үй ханшайымдарына қажетті кеңестерімізді ұсынамыз.
* Линолеумдегі қара дақтарды өсімдік майы немесе зәйтүн майымен сүртсеңіз, тап-таза қалпына келеді;
* Мырышпен қапталған ыдысқа тағам әзірлей алмайсыз. Ол кір жууға, су, керосин құюға ғана өте ыңғайлы ыдыс.
* Ластанған жерлерді тазалау үшін және жағымсыз иістен құтылу үшін су мен сірке суын бірдей көлемде араластырып, сүртіп шығасыз.
* Кәді мен асқабақты кереуеттің астына қойсаңыз шірімейді. Өз қалпын жақсы сақтайды. Көп жерді алмайды.
* Терезедегі қатып қалған шаң мен дақтарды сірке суына малынған шүберекпен сүртіңіз. Сосын таза сумен шайып жіберіп, жұмсақ қағазбен сүртіп шығасыз.
* Қабырғадағы түсқағаздардың шаңын шаңсорғыштың көмегімен тазартуға болады немесе дымқыл шүберекті де пайдалануға болады.
* Үйдегі жиһаздардың сыры көшіп жатса, онда 30 гр мүсәтір спирті мен 15 гр бор ұнтағын араластырыңыз. Оған 50 гр су құйып сүртесіз.
* Тоңазытқышты жаңа кейпіне ендіру үшін 50 гр тіс жуатын ұнтақ пен 20-25 гр мүсәтір спиртін араластырып, ыстық сабынды суға саласыз. Осы сұйықтықпен сүртесіз. Тоңазытқыш жылтырап шыға келеді.
О. Сансызбай