Ғалымдар қандай да бір ұрысты доғаратын спрей ойлап тауыпты. Спрейдың құпиясы өте қарапайым екен – құрамына «құшақтасу гормондары» бар окситоцин қосылған.
Бұл қосынды ер адамдардың сезімін оятып, қыз балаларды сабырлы етеді-мыс. Окситоцин ағзада дербес түрде өндіріледі және адамның серігіне деген сенімі мен сезімін туады. Дәл осы гормон ана мен баланың арасындағы эмоционалды байланысты құрайды.
Клиникалық мамандар да бұл спрейдың расында да ұрысты доғаратынын айтады. 20 және 50 жастағы 17 отбасылық жұп арнайы жасалған бірқатар тестке қатыстырылыпты. Әрбір жұп 45 минутта үйдегі кикілжіңдерді еске түсіруі керек болған, бұдан кейін екіге бөлінген топ жұптардың біріне окситоцин қосындысы бар спрейды, ал екіншісіне плацебо спрейын шашу бұйырылған. Нәтижесінде, окситоцин қосылған спрей шашылған жұптар жанжалды тез арада тоқтатып, достасуға әрекет жасаған.
Өз кезегінде медециналық сараптама да спрей шашылған соң, әйелдердің жүйке жүйесінде ешқандай да ұрыс деңгейі көтерлімегені байқалғанын анықтаған. Ал ер адамдардың екінші жартысына деген күшті талабы бәсеңсіп, достық қарым-қатынастың туындағаны көрініпті.
Дәрігерлер спрейді бір тәулікті екі рет шашу отбасындағы сексуалдық белсенділікті көтереді деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар жұптар арасындағы түсіністікті қалыптастырады дейді дәрігерлер. Ендігіде әрбір отбасылық жұп махаббаттарын сақтап қалғысы келсе және жылдар бойы тату-тәтті өмір салтын кешкісі келсе, «татуласу спрейын» қолдана алатын болды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: medinfo.ua