- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ұқыптысыз ба?...
Ұқыптысыз ба?
Әр адам өзінше таза жүруге тырысады. Тазалық – денсаулық кепілі. Бірақ сіздің ұғымыңызда тазалық деген не? Бөлменің жинаулы, сыпырулы тұруы мен ыдыс-аяқтың тазалығы ма? Шын мәнінде ұқыпты, таза жандар қандай болады? Сіз ұқыпты жандардың қатарына жатасыз ба? Олай болса, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
1. Бетті бояйтын қылқаламды айына қанша рет жуасыз? Жалпы жуасыз ба? Негізінен көз бояйтын қылқаламды үш күнде бір, бетті бояйтын қылқаламды аптасына бір рет жуып тұру керек. Қылқалам – микробтар мекені. Сондықтан қылқалам тазалығына да мән беріңіз.
2. Беттің бояуын сүртпей ұйқыға жата кетесіз бе? Шын мәнінде беттегі бояуын жуып ұйықтайтын қыздар өте аз. Демек ұқыпты қыздардың да аз болғаны.
3. Басқа біреудің (әпкеңнің, құрбыңның, анаңның, т.б.) тарағымен шашыңызды тарай бересіз бе? Бұл жеке гигиенаға қарсы болса да, кейбір отбасында бір тарақ бәріне ортақ болады. Дұрысы – әркімнің тарағы өзімен бірге сөмкесінде жүруі тиіс.
4. Қысқы киімді жуасыз ба? Егер "жоқ" деп жауап берген болсаңыз, аса ұқыптылар қатарына жатпайсыз деген сөз. Қысқы киімді жуып, кептіріп, орап салу керек.
5. Тарақты айына қанша рет жуасыз? Негізінде тарақ та микроб көп жиналатын орын болғандықтан, оны басыңызды жуған сайын тазалап тұру керек. Лас шаш қалдығы, басқа да микробтар жиналып қалатын тарақтың тістерінде бір тал қылшық болмауы тиіс.
М. Оңғарова