Тырнаққа арналған лак тек маникюр құралы бола алады деп ойлайсыз ба? Әр қыздың сөресінде табылатын бұл түрлі түсті бояу шаруашылықта да пайдалы бола алады екен.
Үй шаруашылығында не қолөнер шығармашылығында бұл бояу үлкен көмегін тигізуі мүмкін. Біздің ойлармен танысып, сіз де тырнаққа арналған лактың ерекше қолданысын тауып көріңіз.
Тырнаққа арналған лак – су өткізбейтін керемет қолжетімді бояу. Онымен кез келген кішкентай тақтайшаларды бояп қоюға болады. Осылайша оның түсін өзгертіп, су мен ылғалдан қорғай аласыз.
Лак – кез келген беттерге жағылатын бояу. Оның көмегімен түрлі әшекей бұйымдарға екінші өмір бере аласыз. Сондай-ақ ыдысқа қалауыңызша ою-өрнек, сурет салып, сыйлық ретінде жақын жаныңызға берсеңіз болады.
Түсі дұрыс таңдалған лак ескі сөмке, аяқ-киімнің түсін жаңартуға мүмкіндік береді. Түссіз бояу да кейбір кемшіліктерді, мысалға өкшенің алынып бара жатқан терісін желімдеп, жасыра алады.
Бижутериялық әшекей бұйымдардың түсі күңгірттеніп кету қасиеті болады. Бұл әшекейдің сыртқы түрін бұзады, ал түс теріге өте алады. Бұл мәселені түссіз тырнаққа арналған бояу шешуі мүмкін. Әшекейлерді ішкі жағынан түссіз лакпен бояп қойсаңыз, оның түсі еш уақыт күңгірттеп, теріге өтпейді.
Қыздар лакты қолданудың тағы да бір жолын біледі. Жыртылып бара жатқан колготкілерді түссіз лакпен жағып қойып, оның әрі қарай жыртылуынан сақтанасыз.
Ескі аяқ киім не сөмкеге жаңа өмір бергіңіз келсе, тәжірибе жасап, оған лак көмегімен жаңа сән қосып көріңіз. Бірінші рет қолыңыздан келмесе, уайымдамай тағы да бір ескі аяқ киіміне тәжірибе жасаңыз.
Қазірде конверттерді ішіне шақыру салу үшін жиі қолданады. Мұндай конверттер қалың болғандықтан, оларды желімдеу қиын болуы мүмкін. Осындай жағдайда тырнаққа араналған бояу қолданыңыз, ол қалың конверттерді ұқыпты желімдейді.
Көргеніңіздей, лакты шаруашылықта кең қолдануға болады екен.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: woman.ru