Тұздың пайдасы

Тұздың пайдасы
Фото: anabol.kz

Үй шаруашылығындағы қыз-келіншектер  тағам дайындау барысында тұздың қаншалықты маңызды екендігін  біледі. Тұзсыз бірде-бір тағам жақсы  әзірленбейтіні де рас. Өйткені, тұз - астың дәмін келтіруші, ең керек дәмдеуіш. Оның адам  организмінде де пайдасы айтарлықтай. Алайда, біз оның тек  тағамның дәмін келтіретін дәрумен деп білеміз. Оның  үй шаруашылығы барысында септігі мол екенін бірі білсе бірі білмейді. Ал сіз біле жүргейсіз!
 
Печенье пеште күйіп кетпесі үшін, оны салатын пішіннің  астына тұз себіңіз!

Жұмыртқа пісіріліп жатқанда, ол ағып кетпесі  үшін суға тұз салуды ұмытпаңыз.

Егер балықтан  балдырдың исі шығып тұратын болса, тұздалған суық су ерітіндісіне шайып алыңыз.

Бірінші құймағыңыз  жақсы болып шыққанын қаласаңыз, табаны тұзбен сүртіңіз.

Құрғақ  саңырауқұлаққа рең бергіңіз келсе, біраз уақыт  тұз қосылған сүтке салып алыңыз.

Киімдегі, дастархандағы  майлы дақтарды кетіру үшін  тұздалған суық  суға салып қойыңыз,  тұзбен  ысқылап жуып, артынан сабынды суға жуып алсаңыз болады.

Түрлі-түсті киімдерді жуғанда түсі шығып кетпесі үшін  суға 2-3 ас қасық тұз қосып , киімдер реңін жоғалтпас үшін киміңізді осы суда бір  шайып алғаныңыз жөн.

Түкті сүлгі немесе халатты  жуғаннан  кейін аз уақыт тұзды суға салып алыңыз. Кейін киіміңіз жұмсақ әрі үлпілдеген болады.

Дымқыл отын тез жану үшін отын жағып жатқанда үстінен түйір-түйір тұз сеуіп жіберіңіз.

Кесілген пиязды тұзды суға салып қойсаңыз,бұзылмай өз қалпын сақтап тұрады.

Бұл әдістердің үй шаруашылығында алар орны зор. Сізге септігін тигізер деп сенеміз!

Дереккөз: anabol.kz 

Г. Берік