- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тұтқаға тұнған кірді...
Тұтқаға тұнған кірді кетірудің оңай жолы
Тұрмыста қолданылатын техникалардың тұтқасы алынып-салынбалы болса, жуу кезінде қиындық тумайды. Тұтқаны алып, жуып, қайтып қондырып қоясыз. Ал кейбір тұтқалар мүлдем алынбайды. Кір жиналып қалған осындай тұтқаны қалай жууды білмей дал боламыз. Мына бір кеңес осы жағдайдан оңай алып шығады. Бұл кеңесті интернет кеңістігін шарлап жүріп, кездестіріп қалдым.
Ондай тұтқаны тазалау үшін бізге:
- нашатыр-әніс (анисовый) тамшысы;
- мақта;
- ескі тіс щеткасы керек.
Нашатыр-әніс тамшысына малынған мақтаны алып, кір жиналып қалған тұтқаны сүртеміз. Қатты кірлеген жерін тіс щеткасымен ысқылаймыз.
Техникаңыздың тұтқасы жарқырап шыға келеді.
Дайындаған: Махаббат Оңғарова
Сурет: happy-giraffe.ru
Р. Роза