Үйді тазартуда көптеген химиялық құрылғыларды қолданамыз. Кейбіріне бұл жақпай жатады. Мұндай кезде қолда бар табиғи заттарды пайдаланған жөн.
1. Уксус – кез келген сіңіп қалған әкті кетіретін таптырмас құрал. Оны сонымен қатар, киімдерді шаю үшін, терезе сүрту үшін және т.б. қолдануға болады.
2. Ас содасымен барлық нәрселерді сүрте берсе болады, өйткені ол жұмсақ абразив.
3. Цитрусты жемістердің қабықтары (лимон, лайм, апельсин немесе грейпфрут) – азық-түлік турайтын тақтайлардың, ас үй ыдыс-аяқтарын, раковина және т.б. тазартып, иісін кетіреді.
4. Ара балауызы – жиһаз бен еденді жылтыратады.
5. Сутек тотығы - дезинфекция, көгергенді жояды, киімнен дақтарды кетіреді.
6. Кір сабын – дақтарды кетіріп, қатты кірлеген киімдерді тазартады.
7. Көптеген кір жуғыш заттардың құрамына кіретін бурамен қатты кірлеген заттардың үстін сүртуге болады. Терісі тым сезімтал адамдарға бурамен жұмыс істегенде резеңке қолғап кигені абзал.
8. Кеуектаспен (пемза) қатып қалған әкті кетіруге болады. Кеуектасты үккішпен үгітіп, скраб ретінде пайдалануға болады немесе қолдан жасалған сабынға қосуға болады.
9. Эфир майы – эвкалипт, лаванда, қарағай, шай ағашының майлары – бөлмедегі жағымсыз иісті кетіреді, заттарды дезинфекция жасайды. Алайда аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.
10. Тұз – бұл да ас содасы сияқты заттардың үстін жақсы тазартады.
Сурет: blagievesti.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина