- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тұрмысқа шығуға дайын...
Тұрмысқа шығуға дайын емеспін
Біраз уақыттан бері кездесіп жүрген жігіті-қызы бола тұра, үйленуге дайын емеспін деп жүре беретін адамдар бар. Өз ойына салса, ешкім үйленуге толығымен дайын болмайды. Қай кезде адамды некелесуге дайын деп айтуға болады?
Жігітпен қарым-қатынаста біраз тәжірибеңіз бар
Басқаша айтқанда, түрлі жігітпен жүріп көргенсіз. Жігіттердің қандай қасиеті ұнайтынын, қандай кемшіліктеріне төзе алатыныңды білу үшін бірнеше қарым-қатынасты байқап көру керек. Ақыл тоқтатып, жігітің қай сөзіне қалай жауап беруді, қай қылығына қалай төпеп беруді үйренген кезде дайын боласыз.
Сізді және жігітіңізді сырт көз жарасымды жұп деп бағалайды
Өмірлік бағдарыңызды таңдауда жұрт пікірінің ешқандай маңызы жоқ. Бірді-екілі достарыңыз жігітіңізді ұнатпайтын болса, бұл арақатынасты бұзуға себеп емес. Егер сізге тек жақсы болсын дейтін ата-анаңыз, аса жақын достарыңыз шынында да оны сізге лайықсыз санайтын болса, онда ойлану керек. Мүмкін, шынында да болашақта залалын тигізер жағдайға қазір көз жұмып жүрген боларсыз.
Тойдың қалай өтуіне қарағанда некенің маңызын көбірек ойлайсыз
Ол, міне, алдыңызда бір тізерлеп қолы мен жүрегін ұсынып тұр. Басыңызда қандай ой болады? Сіз бұл адаммен қандай бақытты күн кешетініңіз бе? Балаларыңыз кімге ұқсайтыны туралы ма? Қарттықты қалай қарсы алатыныңыз ба? Әлде жай ғана ақ көйлек, ақ орамал үйлесе ме, жоқ па, соны ойлап тұрсыз ба? Той маңызды ма, отбасы маңызды ма, анықтап алыңыз. Сеніңіз, егер тойға арналған торт таңдауды, қанша көлемдегі кредитке көлік сатып алатыныңызды ойласаңыз, тұрмыс құруға әлі дайын емессіз.
Азаматыңызды «жақсартқыңыз» келеді
Егер жігітіңіз болашақта қазіргіден жақсаратынынан үмітті болсаңыз, оған тұрмысқа шығуға дайын емессіз. Бір-бірін дәл қазіргі қалпында қабылдап, кемшіліктерінің өзін жақсы көре білгенде ғана неке мен отбасы берік болады. Сізге ұнамайтын қырлары бар екенін біле тұра, оны өзгертіп аламын деп үміттену жақсы, дегенмен өзгермейтін жағдайда да жақсы көре беретініңізге сенімді болғанда онымен шаңырақ көтеруге дайын боласыз.
Бір-біріңізге сенесіздер
Жігітіңізге айтуға бата алмайтын тақырыптар бар ма? Оған кез келген жағдайды ашып айта алатыныңызға сенімдісіз бе? Ол сізді қолдап, түсіністік таныта ма? Сіз де оған осылай қарай аласыз ба? Сенімдеріңізде шекара жоқ екеніне шәк келтірмеген жағдайда ғана тұрмыс құруға дайын боласыз.
@. @assel_assanova