- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Цукерберг дүние есігін...
Цукерберг дүние есігін жаңа ашқан қызына хат жазды
Осыдан бірнеше күн бұрын фейсбук әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның Присцилла Чан есімді жұбайы екінші мәрте ата-ана атанды. Сәби жаздың соңғы айымен аттас болды. Өйткені, Огаст (немесе Август) есімі қазақ тіліне аударғанда “тамыз” деген мағына береді.
Жұбайлар жаңа туған сәбиге хат жазуды ұйғарған. Онда жас ата-ана сәбидің болашақ өмірінде әлемнің қандай болатынын сипаттап, одан есеюге асықпауын сұраған. Осыған дейін Цукерберг отбасы өздерінің үлкен қызы Максимаға да осындай мазмұндағы хат жазған болатын.
"Сенің әпкең дүниеге келгенде ол өмір сүретін әлемнің жарқын боларына үмітті екенімізді айтып хат жазған едік. Енді сен де сондай әлемде ғұмыр кешеді деп сенеміз. Ол әлемде теңсіздік орнауы тиіс, ауру азайып, адамдардың өзара қатынасы мықтырақ бола түседі деп сенеміз. Балалық шақ – ең ғажап кезең. Сенің өмірде бір-ақ мәрте сәби болу мүмкіндігің бар, сондықтан ол кезеңді болашақ туралы ауыр ойлармен жүктеме. Ал, біз болсақ, сен және сенің замандастарың өмір сүретін әлемді жақсартуға тырысып бағамыз",– деп жазған Марк пен Присцилла кішкене Огастқа.
Цукерберг әке ретінде сәбиінің бұл әлемдегі алғашқы сәттерінің куәгері болу үшін декреттік демалысқа кететіні туралы хабарлаған болатын. Сондықтан, биылғы жылды Facebook компаниясы Цукербергсіз аяқтайды.
А. Оралқызы