ТОП-5: Үнді фильмдері

ТОП-5: Үнді фильмдері
Фото: stv24.tv

Өзінің ерекше әуендері мен билері арқылы талай жүректі жаулаған үнді фильмдері әрқашан үнді халқының дәстүрі мен мәдениетін назардан тыс қалдырған емес. Олардың сәнді сариі, салты барлығы да заман ағымына сай көрсетіліп отырады. Демалыста қандай фильм қарарыңызды білмей отырсаңыз, сізге үнді фильмдерінің топтамасын ұсынамыз.

5. Ланчбокс
Драма, мелодрама. 
Үндістан, Франция, Германия, 2013 жыл. 
Ұзақтығы: 104 минут.
ыыҮнді халқы туралы қалыптасқан стереотиптерді жоққа шығаратын филмдердің бірі. Зейнетке шығуына аз-ақ қалған жалғызбасты есепші тұрмыстағы әйелмен хабарлама алмасады. Бір қызығы, хабарлама ғаламтор немесе ұялы телефонмен емес, ланчбокстың көмегі арқылы іске асады. Олардың таныстығы жалғаспайды, бірақ, екеуінің өмірі өзгереді. 

4. Баджранги (Брат Баджранги) 
Әскери, драма. 
Үндістан, 2015 жыл. 
Ұзақтығы: 163 минут
ыыЖақсылық қашанда жамандықты жеңетініне еріксіз сендіретін фильм. Фильмнің сюжетіне сай мылқау Пәкістандық кішкентай қыз Үндістанда адасып кетеді. Баджранги кішкентай қызды еліне апаруға тырысады. Бірақ, бір ғана нәрсе кедергі еді: екі елдің арасындағы жауыздық пен алауыздық бұлардың жолына көп сынақ береді. 

3. Үш ессіз (3 идиота) 
Драма, комедия. 
Үндістан, 2009 жыл. 
Ұзақтығы: 170 минут

ыыФильмнің негізгі идеясы – достықтың барын ұқтыру, арманына қол созу және өзінің шынайы келбетінен бас тартпай, қабылдау. Екі дос жоғалтқан үшінші серіктерін іздеуге аттанады. Олармен бірге жол жүре отырып, олардың естеліктеріне де саяхаттайсыз. 

2.Жердегі жұлдыз (Звёздочки на земле) 
Фантастика, драма, комедия. 
Үндістан, 2007 жыл. 
Ұзақтығы: 165 минут
ыыБұл өз қатарластарына қарағанда кеш дамыған сегіз жастаға Ишан Авастидің хикаясы. Әкесі оны интернатқа оқуға жібереді. Бірақ, баланың солып қалғаны сонша, оны тек күйзеліс әлемінің жағадан келген сурет пәнінің мұғалімі Рам Никум ғана шығарып алады. Фильм мейірім мен тәрбие ұғымына қатысты көп нәрсені ұқтырады. 

1.Барфи 
Драма, комедия, шытырман оқиғалы. 
Үндістан, 2012 жыл 
Ұзақтығы: 131 минут

ыыРежиссёр Анураг Басу өзінің бұл фильмінде мылқау әрі естімейтін жігіт Барфи мен оның сүйіктісі Шрутидің махаббат хикаясын баяндайды. Елге оғаш көрінетін біртүрлі жұптың болашағына қоғам сенбеген еді..

Т. Есқали