Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 15 тағам

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 15 тағам
Фото: toptuha.com

Тоңызытқыштың температурасы төмен болатындықтан, оның ішінде немесе азық-түлікте өмір сүретін бактериялардың белсенділігі төмендейді. Нәтижесінде азық-түліктердің сақталу мерзімі ұзарады. Бірақ кейбір тағамдар суықтан құртылып, иістеніп кетеді. Кейін жағымсыз иіс бөліп шығарады. Осындай жағдайды алдын алу үшін тоңазытқышқа салуға болмайтын 15 тағамның тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Банан

Ол тропикалық аймақта өсетіндіктен, суық ауа райын, яғни температураның төмен болуын қажетсінбейді. Әдетте бананды тоңазытқышқа салған кезде бірінші сырты бұзылады. Бұдан кейін дәмі де бұзылады.

Насыбайгүл (бизилик)

Бұл көк шөптің жапырақтары өте нәзік келеді. Сондықтан оны бөлме температурасындағы суға салып қою керек.

Бал

Ежелгі мысырлықтар оны жиі пайдаланатын. Олар оның ағзамызға пайдасы мол екенін және өте ұзақ сақталатынын жақсы білген. Бал кристалдау процессінен өтуі тиіс. Алайда тоңызытқыш бұл процессті тым жылдамдатып жібереді. Бал тоңазытқышта тұрып қатып қалса да, дәмі бұзылмай сақталады.

Нан

Нанды жақын уақытта жемейтін болсаңыз ғана тоңазытқышқа салғаныңыз жөн. Сол кезде көк түспейтін болады. Бірақ қатып қалатынын ескеріңіз. Нанға бөлме температурасынан артық температура жоқ.

Бұрыш

Бұрыштың әбден пісіп, жетілуіне суық температура кедергі жасайды. Сол себепті оны құрғақ жерде сақтаған жөн.

Дәнді кофе

Кофеге қарағанда шайды көп ішеміз. Сатып алсақ та, ұнтақталған түрін аламыз. Егер дәнді кофеңіз болса, оны әйнектен жасалған ыдыста, құрғақ, қараңғы жерде сақтаңыз. Тоңазытқышта тұрып суланып кетеді де, артынша денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Картоп

Картопты теріп алған соң қараңғы әрі суық болатын жерқоймада сақтаймыз. Көп адам тоңазытқышты жерқоймамен бірдей көреді. Есіңізде болсын: картоп 7-10 градус температурада жақсы сақталады. Ал бұдан төмен температура оның түсін өзгертіп, дәмін бұзады. Тоңазытқышта тұрған картоптың құрамында акриламид көп болады. Акриламид өз кезегінде бүйрек пен бауырдың жұмысына кері әсерін тигізеді.  

Жалғасы бар...

Қ. Бүйенбай