Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 15 тағам - 2

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 15 тағам - 2

Тоңызытқыштың температурасы төмен болатындықтан, оның ішінде немесе азық-түлікте өмір сүретін бактериялардың белсенділігі төмендейді. Нәтижесінде азық-түліктердің сақталу мерзімі ұзарады. Бірақ кейбір тағамдар суықтан құртылып, иістеніп кетеді. Кейін жағымсыз иіс бөліп шығарады. Осындай жағдайды алдын алу үшін тоңазытқышта сақтауға болмайтын 15 тағамның тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Пияз

Тоңазытқыштың іші дымқыл болғандықтан, пиязды жұмсартып, жеуге жарамсыз етеді. Ал жұмсақ пияз тез шіриді. Құрғақ жерде мұндай болмайды.

Сарымсақ

Сарымсақ тоңазытқышқа салған соң пияз секілді шіріп кетпесе де, жұмсарып кетеді. Оған да пияз секілді құрғақ ауа қажет. Мұнымен қатар, сарымсақтың өткір иісі тоңазытқышта тұрған өзге тағамдарға сіңіп қалады.

Қызанақ

Қызанақтың иісі ерекше болады. Ол түрлі қышқыл мен қанттан құралады. Ал төмен температура оның жасушалық құрылымын құртып қана қоймай, иісін кетіреді. Қызанақтың хош иісін сақтап қалғыңыз келсе, оны бөлме температурасында сақтаңыз.

Зәйтүн майы

Төмен температурада сақтаған кезде бұл майдың түсі қараяды. Бір рет қатып, артынша ерітілген болса, ешнәрсе болмайды. Алайда бұл процессті бірнеше рет қайталауға болмайды. Денсаулыққа айтарлықтай зиян. Бөлме температурасында сақталған май хош иісті болады.

Дәмдеуіштер

Кетчуп, қыша, соя тұздығы – бұлардың құрамында табиғи қышқылдар мен тұздар бар. Аталған азық-түліктер бөлме температурасында ұзағырақ сақталады.

Цитрусты жемістер

Апельсин, лимон, грейпфрут, лайм жылы аймақта өсетіндіктен, төмен температураны қажетсінбейді.

Алма

Қызанақтар секілді алмалар суықта хош иісін жоғалтады. Алмалар этилен бөліп шығаратындықтан, оларды өзге азық-түліктермен қатар қоймаған жөн.

Қауын-қарбыз

Олар да жылы аймақта өсірілетіндіктен, төмен температураны қажетсінбейді. Оның үстіне тоңазытқышқа әрең сыяды. Суықта өзінің хош иісін, дәмін, ағзаға қажетті антиоксиданттарын жоғалтады.  

Қ. Бүйенбай