Тоңазытқыш, сөзсіз, адамға пайдасы бар технология жетістігі. Алайда тоңазытқышта да сақтауға болмайтын азық-түліктер бар екен.
Консервілер, қақталған тағамдар мен тосаптар . Бұлар тоңазытқышта артық орынды алады. Оларды қараңғы, құрғақ, салқын жерде ұстаса да болады. Қатты көкөністер (картоп, сәбіз, пияз) тоңазытқышта тезірек бұзылады. Оданша оларды пластик құрғақ жәшікте, пакеттерде сақтаңыз. Асқабақ пен қауын тоңазытқышта көп тұрғаннан бұзылады екен. Тропикалық жемістер төменгі температураларды улы заттар бөліп, шіри бастайды. Цитрус жемістерін сөрелерге қойған абзал. Анар және құрма жемістері де суыққа төзбейді. Оларды қағазға орап, бөлме темпаратурасында құрғақ жерде сақтаған дұрыс. Шоколад пен кәмпиттердің бетіне төменгі температураларда конденсат бөлінуі мүмкін. Ол кеуіп, шоколад бетінде қанттың кішкентай кристаллдары қалады. Зәйтүн майын да тоңазытқышқа салмаған жөн. Суықта ол дәмін жоғалтуы мүмкін. Балдың бар пайдалы қасиетін суықта жоғалта алады.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mamahozayhka.ru