- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тоңазытқышта не сақтауға...
Тоңазытқышта не сақтауға болмайды?
Тоңазытқыш, сөзсіз, адамға пайдасы бар технология жетістігі. Алайда тоңазытқышта да сақтауға болмайтын азық-түліктер бар екен.
- Консервілер, қақталған тағамдар мен тосаптар. Бұлар тоңазытқышта артық орынды алады. Оларды қараңғы, құрғақ, салқын жерде ұстаса да болады.
- Қатты көкөністер (картоп, сәбіз, пияз) тоңазытқышта тезірек бұзылады. Оданша оларды пластик құрғақ жәшікте, пакеттерде сақтаңыз.
- Асқабақ пен қауын тоңазытқышта көп тұрғаннан бұзылады екен.
- Тропикалық жемістер төменгі температураларды улы заттар бөліп, шіри бастайды. Цитрус жемістерін сөрелерге қойған абзал.
- Анар және құрма жемістері де суыққа төзбейді. Оларды қағазға орап, бөлме темпаратурасында құрғақ жерде сақтаған дұрыс.
- Шоколад пен кәмпиттердің бетіне төменгі температураларда конденсат бөлінуі мүмкін. Ол кеуіп, шоколад бетінде қанттың кішкентай кристаллдары қалады.
- Зәйтүн майын да тоңазытқышқа салмаған жөн. Суықта ол дәмін жоғалтуы мүмкін.
- Балдың бар пайдалы қасиетін суықта жоғалта алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mamahozayhka.ru
С. А