- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тоңазытқыш жайлы не...
Тоңазытқыш жайлы не білу керек? (жалғасы)
Тоңазытқыш жайлы мақаламыздың бірінші бөлімінде тоңазытқышты таңдау, гүрілдеу мәселелері мен азық-түліктерді сақтау ережелеріне тоқталып өттік. Бұл мақаламызда да тоңазытқышқа қатысты басқа сұрақтарға маманның жауабын ұсынамыз.
Егер тоңазытқыш дымқыл тартса, бұл неден болуы мүмкін?
Егер тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасында су тамшылары пайда болса – демек, тоңазытқыш бөлімінде еріту жүйесі, басқаша айтқанда «жылауық қабырға» пайдаланылады деген сөз. Көптеген өндіруші қазіргі таңда безендіретін панель арқылы жабылған жасырын «жылауық қабырға» пайдаланады. Тоңазытқышта ылғалдың пайда болуы температураны дұрыс қоймаудан болуы мүмкін. Сонымен қатар есіктің тығыздауыш резеңкесінің бүлінуінен де болуы мүмкін – мәселені тек қызмет керсету орталықтары шеше алады.
No Frost технологиялы тоңазытқыштарда ылғал пайда болатыны және бұл қосымшасыз тоңазытқыш алу керек деген пікір рас па?
Бұл өтірік. No Frost технологиясы керісінше тоңазытқыштағы артық ылғалды кетіруге негізделген – сондықтан қабырғада қырау пайда болмайды. Бұл технологияның басты кемшілігі: мұндай тоңазытқыш қапталмаған азық-түлікті біршама тез кептіріп жібереді.
Дүкендерде азық-түліктің балғындығын сақтап тұратын тоңазытқыштарға арналған кілемшелер сатылуда. Олар қалай жұмыс істейді және жалпы жұмыс істей ме?
Мұндай кілемшелерді өндірушілер олардың антибактериалды қасиеттері жайлы айтады, бірақ жұмыс істеу механизмін айтпайды. Заманауи тоңазытқыштардың көбінің ішкі камерасы құрамында күміс ионы бар заманауи полимерлі материалдардан жасалған, - яғни тоңазытқыштың өзі антибактериалды қасиетке ие.
Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай тез арылуға болады?
Дүкендерде аксессуарлар арасында абсорбциялы заттектермен толтырылған арнайы иіс кетіргіш құралдар сатылады. Олар 1 айға дейін жағымсыз иісті кетіріп тұрады. Алайда тоңазытқышты жуусыз да болмайды: кез келген тоңазытқышты әр 6 ай сайын жуып тұру керек.
Бетінде қолдың ізі қалады деп көбі тот баспайтын тоңазытқышты алудан қорқады. Бұл солай ма және мәселені шешудің жолдары қандай?
Тот баспайтын болатпен жалатылған, қол ізін қалдырмайтын арнайы өңдеуден өткен тоңазытқышты таңдаңыз. Қосымша қорғаныс үшін тұрмыстық химия бөлімшелерінде қол ізін қалдырмайтын арнайы құрылғылар бар. Оларды тот баспайтын бетке жиі жағып тұру керек.
Заманауи тоңазытқыштар бұрынғыға қарағанда сенімсіз және 5 жыл ішінде істен шығып жатады дейді. Бұл қаншалықты рас?
Тоңазытқыш ең кем дегенде 10 жыл қызмет етеді, бірақ оны дұрыс пайдаланса бұдан да көп уақыт қызмет ете алады.
Тоңазытқышты бір пәтерден екіншіге көшіруге болмайды дейді. Бұл рас па?
Өтірік. Тоңазытқышты көшіруге болады, бірақ тек тігінен көтеру керек.
Азық-түліктер ұзақ сақталуы үшін тоңазытқышта оңтайлы температура қандай болуы керек?
Бұл азық-түліктің түріне байланысты: әр өнімнің жарамдылық мерзімі бар. Жас ет пен балықты мұздатпай сақтау үшін тоңазытқышта балғындығын сақтап тұратын аймағы бар, онда азық-түліктер 0 градус шамасында сақталады. Көк шөпті сақтау үшін кейбір тоңазытқыштарда Active Fresh Blue Light аймағы бар. Оның көк түсті белсенді жарығы көк шөпте фотосинтез процесінің жалғасуын қамтамасыз етеді, соның арқасында көк шөп біршама ұзақ сақталады. Сонымен қатар бұл аймақ көкөністер мен жемістер дәрумендерін сақтай отыра, ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.
Егер тоңазытқыштағы азық-түліктер тез құртылса, көгеріп кетсе, себебі неде болуы мүмкін?
Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін: компрессоры бұзылып қалуы мүмкін, тоңазытқыштағы температура дұрыс қойылмаған, тоңазытқыш есігіндегі тығыз резеңке бүлінген және т.б. Қызмет көрсету орталығына хабарласу керек.
Егер тоңазытқыштағы азық-түліктерді дұрыс сақтап, бетін ашпаса, онда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен соң да пайдалана беруге бола ма?
Бұл да өтірік. Азық-түліктердің бетіндегі жарамдылық мерзімі ашылмаған өнімдер үшін белгіленген. Ашылған соң одан да аз уақыт сақталады.
Сурет: tbestway.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina