- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Терезені жуу әдістері...
Терезені жуу әдістері
Үй жинау барысында ең қиын жұмыстардың бірі – терезені сүрту. Біріміз бойымыз жетпей әлек болсақ, енді біріміз екі жағын да сүртуге ерінеміз. Қанша сүртсек те, айғыз болып қалатыны тағы бар. Олай болса, назарларыңызға терезені дұрыс сүртудің бірнеше әдісін ұсынамыз.
- Терезенің ішкі бөлігі буланып немесе аяз қатып қалмас үшін глицериннің спиртті ерітіндісімен сүртуге болады. Артынша фланельмен немесе замш матамен сүртіңіз;
- Кірлеген терезені хлор әгімен сүртіп кетіруге болады. 1 литр суға 50 грамм әк жеткілікті;
- Бұдан басқа айғыз терезені суық суға қосылған крахмал ерітіндісімен сүртуге болады. Ерітіндіні дайындау үшін 1 литр суға 1 ас қасығын қосыңыз;
- Сірке суының бір стақан суға қосылған қою ерітіндісі терезенің айғызын бірден кетіреді;
- Бұдан өзге ұнтақ тәріздес бормен немесе тіс ұнтағымен жуыңыз. Бір стақан суға 2-3 ас қасық бор қосып, араластырыңыз. Осы қоспамен жуған соң кепкенін күтіңіз. Кепкеннен кейін жұмсақ матамен сүртіңіз;
- Егер терезеге шыбын немесе маса өлекселерінің жабысып қалғанын байқасаңыз, оны былайша тазартыңыз: кесілген пиязбен, артынша шүберекпен сүртіңіз;
- Терезенің жақтауына жабысып, әрең ашылатынын байқасаңыз, сабынмен сүртіңіз;
- Терезенің жақтауын бояу барысында әйнегі былғануы мүмкін. Сондықтан бұл рәсімді бастамас бұрын қағаз жолақтарын жабыстырып қойыңыз;
Ал сіз қалай жуасыз?
Қ. Бүйенбай