Пластик терезелердің алды уақыт өте жолақтанып, кір басып қалады. Қанша жусаң да, алғашқы мұнтаздай аппақ қалпын қайтара алмай, дақтардан тазарту қиынға соғып жатады.
Мұндайда не істеу керек? Жауабын біле жүріңіз!
Қарапайым шаң-тозаңды дымқыл шүберекпен-ақ сүртіп алуға болады. Ал йод, бояу қарындаштары, фломастерлердің ізін терезе әйнегін тазалауға арналған құрал жақсы кетіреді.
Жай сүрткенге кете қоймайтын дақтарды тазалау үшін кір жууға арналған ұнтаққа аздап су қосып, дайын болған ботқаны дақтың үстіне жағып қойыңыз. 15 минуттан кейін ол жерді оңай тазалап аласыз.
Датты сірке суы қышқылының көмегімен тазалауға болады. Алдымен қолға арнайы резеңке қолғап кию керектігін ұмытпаңыз!
Терезенің алдын аппақ тап-таза ету үшін құрамында хлор бар ағартқыш құралдарды қолданыңыз. Спонч не шүберекке ағартқыш құралдан аздап құйып, дақ болған жерге біраз қойып қойыңыз. Содан кейін жусаңыз, айнадай жарқырайды. Иісі өткір құралдармен терезе алдын сүртетін болсаңыз, терезені ашып қойғаныңыз абзал.
Терезе дымқылдан көгеріп, көк басса, оны ас содасымен тазалауға болады, әрі иісін де жоғалтады. Ол үшін содаға аздап су қосып, бұл ботқаны көгерген жерлерге жағып қойыңыз. 30 минуттан кейін тазалап аласыз.
Ал терезе алды әбден көгеріп, зең басқан болса, ағартқыш құралды (белизна) пайдалансаңыз болады. Оны спонч не шүберекке сіңіріп алып, терезе не қабырғаны әдеттегідей сүртпей, тек зең басқан жерлерге ғана басып алып, басып алып тазалау керек. Хлор зеңді тазалап қана қоймай, оны өлтіреді.
Егер терезе алдындағы дақты тазалауға жоғарыда аталған тәсілдердің ешқайсысы көмектесе алмаса, еш уайымдамаңыз! Қолыңызда ақша болса, базарда жоқтан өзгенің бәрі бар екенін ұмытпаңыз. Базарда сатылатын жабыстырмалы пленка мәселеңіздің шешімі бола алады. Соның ағын, не үйдің интерьере қарай үйлесімдісін сатып алып, жабыстырып қоюыңызға болады. Бастысы, оны кез келген уақытта алып тастауға, ауыстыруға ыңғайлы.
Дереккөз: anabol.kz