Теледидарды қай бөлмеге қою керек?

Теледидарды қай бөлмеге қою керек?

Үй жиһаздарының арасында теледидардың орны ерекше. Осы күнде оны үйдің әр бөлмесіне қою қалыпты жағдайға айналған: жатын бөлмеге, асүйге, қонақ бөлмеге... Дегенмен, мамандардың айтуынша, бұл дұрыс емес, тіпті үй тұрғындарына өте зиян.

Асүй

Асүйдегі теледидар семіздікке әкеледі. Телебағдарламаларды көріп отырып, бей-берекет тамақ ішіле береді. Нәтижесінде, адам күнделікті артық салмақ қосады. Статистикаға сай, асүйінде теледидары бар отбасыларда семіздік көп кездеседі.   

Жатын бөлме

Жатын бөлмесіндегі теледидар - ұйқысыздық пен бас ауруларының себебі. Әдетте, жатын бөлмеде оны биік жастыққа жатып қарайды. Мұндай жатыс ми қан айналымын бұзады. Ал егер адам осы күйі ұйықтап кетсе, тіпті қауіпті. Қосулы тұрған құрал алдында ұйықтаған адамның ұйқысы бұзылады. Себебі, жатын бөлмесіндегі теледидар жарығы ағзадағы ұйқы гормоны, мелатонин түзелуін тежейді.      

Балалар бөлмесі

Балалар бөлмесінде теледидар мүлдем болмау керек! Себебі, дамып келе жатқан баланың ойы бөлініп, ой өрісіне кері әсер етеді. Теледидарға тәуелді баланың сабақ үлгерімі қатты нашарлайды.

Қонақ бөлме    

Жалпы, теледидар мен оны көріп отырған адам арасындағы арақашықтық экран диагоналін беске көбейткенге тең. Сондықтан диагоналі үлкен теледидарлар, үй кинотеатрлары мен плазмалы панельдер кең бөлмені талап етеді. Және құралдың бетіндегі шаң мен канцерогенді заттарды дымқыл сулықпен жиі сүртіп тұруды ұмытпаңыз.    

Сурет: jeronimo.su