Тазалық – әйел адамның басты қаруы. Айналамызды күнделікті жинау тазалықтың басты кепілі емес. Керісінше, тазалықты сақтау керек немесе қалыптастыру керек. Үй-жайыңыздың барынша таза болуы үшін не істеу керек?! Біле жүріңіз!
1. Төсек жабдықтарын күнделікті ауыстырыңыз. Психологтардың айтуы бойынша, таза төсек-орын жабдығы еңбек күніне ерекше көңіл-күй сыйлайды. Оның үстіне жатын орынның таза болуы кімге болса да жағымды. Сондықтан, бұл іске келгенде ешқандай ерінбеңіз.
2. Ыдыс жуатын шұңғылша (раковина) тап-таза болғаны дұрыс. Лас ыдыстарға толы шұңғылшаны көргенде, таңғы асты ішуге де, тамақтануға да, тіпті, ас үйде отыруға да көңіліңіз тартпай қалады. Қаншалықты шаршап тұрсаңыз да, ыдыс жууды кейінге қалдырмаңыз. Әдет болып қалыптасып кетсе, өзіңіз өте ыңғайсыз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін.
3. Кір жуу мен үтіктеу де әйел адамдардың кейінге қалдыра салатын әдеттерінің бірі. Бұл екі әрекетте ешқашан жалқаулық танытпаңыз. Кемінде аптасына екі рет міндетті түрде кір салатын себетті босатып тұрыңыз. Жиналып қалған дүние ешқашан таусылмайды. Уақытында бітіруге тырысыңыз. Үтіктеуді қиын санасаңыз, бүгінгі таңда техниканың дамығанына байланысты түрлі үтіктер бар. Олар сіздің ісіңізді жеңілдетеді.
4. Ұсақ-түйекті орнына қойып үйреніңіз. Әр заттың өз орны болғаны дұрыс. Үйінде не бар, не жоқ екенін білмейтін де әйелдер қауымы кездеседі. Кез-келген затқа өзімсініп қараңыз. Аяқ астынан іздеген кезде де тауып ала қоясыз.
5. Ғылымда "прокрастинация" деген сөз бар. Бұл сөздің түпкі мағынасы – ертеңге қалдыру. Кез-келген істі ертеңге қалдыруға болмайды. Бүгінгі шаруаның бүгін біткені жақсы. Әр күнге белгілі бір жұмыстарды жоспарлай отырып, сол күні аяқтауға тырысыңыз.
6. Киімдерді жинақтап дағдыланыңыз. Аптаға алдын-ала не киетініңізді жоспарлай отырып, әр киіміңізді өз орнына қойып үйреніңіз. Бұл әдетті қалыптастырып алсаңыз, пайдасы өте зор.
7. Ыдыс жуып тұрып, газ плитасын, тоңазытқыштың іші-сыртын, кафель беттерін де қоса сүртуге үйреніңіз. Ас үйдің тазалығы сақталған жерде сізге сын келмейді. Әйел адамдардың ыдысына қарап баға беретіндер өте көп. Сондықтан бұл жерде қателеспеңіз.
8. Гүлдерді суарып жүріп, терезе алдындағы қоқыстарды тазартып кетуді ұмытпаңыз. Дәл сол секілді еденді жуып жүргенде, плинтустарды, батарея шаңдарын да қоса сүрте жүріңіз. Аса көп уақыт алмайтыны белгілі.
9. Жоспармен жүруге дағдыланыңыз. Бір аптаға жоспар құрып, әр әрекеттің орындалу-орындалмауына көңіл бөліңіз. Өзіңізге есеп беріп жүріңіз.