- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тазалау түрлері...
Тазалау түрлері
Әйел адамның шаруасы ешқашан таусылмайды. Бүгінгі заманда бәріне бірдей үлгеру керек. Тамақ пісіріп жүріп, ас үй жабдықтарын қоса тазалау керек. Пешке май тамып жатса, кафельге де жұғып жатады. Осылардың бәріне қалай үлгеріп, тез тазалауға болады. Қытырлаған тауық еті, француз тәсілімен дайындалған ет, фри, әртүрлі қоспасы бар бәліштерді күнделікті арнайы пешке немесе газ плитассына пісіреміз. Артынан оларды тазалауды ұмыт қалдырып жатамыз. Егер майды уақытында тазалап тұрмаса, сарғайып қолыңа жабысады. Келесі жолы басқа тағам дайындағанда, қайтадан иіс шығарып, күйе бастайды. Ас үй жабдықтарын қандай жолдармен тазалауға болады?
Каталиттік тазалау. Арнайы катализатордың немесе эмальдің көмегімен тазалауға болады. Пештің бетіне немесе барлық қабаттарына жағылады.
Пиролиттік тазалау. Майларды ешқандай ашытқысыз, термикалық тәсілмен тазалау. Пиролизі бар пештер өзін-өзі тазалайды. 500градус температураға дейін қызып, біртіндеп төмендей түседі. Десе де, оның екі кемшілігі бар. Жағымсыз күлдің иісін шығарады және қымбат, электр қуатын көп жейді.
EcoClean. Электр құатын үнемдейді оның үстіне ешқандай жағымсыз иіс шығармайды. Олар микроскопиялық керамикалық заттан жасалған шар пішінді болады. Күйікті тазалайды. Автоматты түрде жүзеге асып, іске қосылып отырады.
Бұлардан бөлек күнделікті ғана тамған май болса, ыдыс жуатын құралдар жеңіл сүртіп отыруға да болады. Ал егер ұмыт қалдырып, ұзақ уақыт майланып кеткен болса, осы әдістерді қолданып көріңіз.
Ә. Жутаева