Баланың қателігін көрген бойда, түсіністікпен қарап, неге ондай қадамға барғанын сұраудың орнына үлкендердің бірден ұрыса жөнелетіні бар. Бұл әрекеті кейін баланың санасын қаншалықты өзгертетіні ойландырмайды. Өйткені «таяқ жейсің» деген бір ауыз сөз – баланы тәрбиелеудегі басты қару. Бірақ....
Дауыс көтеретін үлкендер баланы қорқытады
Әрбір ата-ана баласымен дос болғысы келетіні сөзсіз. Бірақ қорыныш сезімін оятатын адаммен достасар ма едіңіз?
Нені өзгертуіңіз керек?
– Балаңыз өз ойын айтуға құқылы. Ал сіз ересек адам ретінде баланың ойын тыңдауға міндеттісіз.
– Шабуылшы емес, кеңесші болыңыз.
Айқай сенімге сызат түсіреді
Ғалымдардардың зерттеуінше ересек дауыс көтеріп сөйлеген сайын бала ойын айтудан жасқанатын болады. Кейін сырларын да ашып айтпайды. Өйткені өзінің іс – әрекетінің дұрыстығына сенбейді және сіздің үн-түнсіз тыңдайтыныңызға да күмән келтіреді.
Нені өзгертуіңіз керек?
– Балалықпен жасаған қателігінің бұрыстығын әзілмен жеткізіңіз.
– Оның қызығушылығына назар аударыңыз.
Балалар артық салмақтан зардап шегеді
Жасқаншақ бала күйзеліске ұшырайды. Нәтижесінде артық салмақ қосып алып, толықтықпен күресуге тура келеді.
Нені өзгертуіңіз керек?
– Өз көңіл–күйіңіз бен іс–әрекетіңізді бақылауда ұстаңыз.
– Баланы мақтауды, оны жақсы көретініңізді айтуды ұмытпаңыз.
Балаңыз ашушаң болады
Сіз дауыс көтерген сайын ол да дәл солай жауап қата бастайды. Балаңыздың бойына жиналған реніш сезімі болашақта оның ашушаң ересекке айналуының басты себепшісі болады.
Нені өзгертуіңіз керек?
– Сіз балаңыз үшін ең басты үлгі болатыныңызды естен шығармаңыз.
– Қатал болыңыз, бірақ, орынсыз айқай мен әділетсіздіке жол бермеңіз.
Балаңыз болашақта «бас сақинасымен» ауыратын болады
Бойына жиналған қорқыныш пен өз-өзіне деген сенімсіздік нәтижесі бас ауруы арқылы сыртқа шығатынын есте шығармаңыз.
Нені өзгертуіңіз керек?
– Өзіңіздің көңіліңіздің толмайтынын сабырлы күйде жеткізіңіз.
– Балаңызды тыңдап үйреніңіз. Оның жан – дүниесінің әуенін ести біліңіз.
Орынсыз қылықтар жасаған сәтте дауыс көтеруіңіз дұрыс. Бірақ бір уақыт өзіңіздің кішкентай көшірмеңізбен сырласып, оны жақсы көретініңізді айтуды ұмытпаңыз.