Тауардың затбелгісін оқыңыз

Тауардың затбелгісін оқыңыз

Дүкендердегі тауар түрлілігінің арасынан өзіңізге керегін таңдау үшін оның түсіне, сыртындағы қорабына, жарнамалық жазуларға, атауына, бағасына, пішініне, тартымдылығына назар аударамыз. Алайда бұл қасиеттердің барлығы тауарды толықтай сипаттаудың орнына сізді алдайды. Дұрысы – тауардың сыртындағы затбелгіні зерттеу.

Өндірушілер затбелгілерді барынша қызықсыз, байқалмастай етіп жасап, тұтынушы оған көңіл аудармайды деп сенеді. Жиі жағдайда біз олардың айласына ілігіп, кішкентай затбелгіге мұқият қарамаймыз, қараған күнде де, түсініксіз «ғылыми» сөздерді елемей кетеміз. Осылайша маркетингтік айлаларға «ұсталып», сапасыз тауарларға тап боламыз.

Келесі жолы дүкенге барғанда, бірінші кезекте назарды тауардың затбелгісіне назар аударыңыз. Ал оны оқуды бізбен бірге үйреніңіздер.

  1. Мұқият болыңыз: тауардың сыртындағы «Organic», «табиғи», «диетикалық» деген белгілер оның шын құрамына мүлдем қатысты болмауы да мүмкін. Тауардың құрамы тек оның затбелгісінде көрсетіледі.
  2. Тауардың затбелгісінде құрамындағы заттардың жазылған реті оның тауардағы үлесіне байланысты көбінен басталып, азына дейін тізіліп жазылды. Демек сатып алып жатқан бәліштің құрамында бірінші кезекте май немесе қант жазылса, оны алмағаныңыз жөн.
  3. Жалпы затбелгі бұзылмаған, жазулары түсінікті болуы керек. Сақталу мерзімі мен шығарылған уақыты анық көрініп, бір рет жазылуы шарт.
  4. Тамақты дәмді қылып, оның сақталу мерзімін ұзарту үшін, өндірушілер оған бояғыш заттар, ароматизаторлар мен консерванттар қосады. Тамақтың құрамында бұндай заттар мейлінше аз болуын тексеріңіз.
  5. Тамақ өндірісінде улы заттар да қолданылады екен. Гидрогенизирленген майлар жүрек ауруларына, диабет пен қатерлі ісікке бастайды. Осындай қауіпті компоненттер қатарына газдалған сусындарда кездесетін аспартам мен сахарин сынды қант алмастырғыш заттарды жатқызуға болады. «Арнайы белгіленген майлар», рафинацияланған майлар, натрий глутаматы (Е-621), натрий бензонаты (Е211) деген құрамдас бөліктері бар тағамдарды алмаңыз. Өндіруші компаниялар соңғы кезде оларды да жасыруды үйренді. Сахаринді Sweet‘n‘Low, Sprinkle Sweet, Twin, Sweet 10 деп атаса, аспартам свитли, сластилин, сукразид, нутрисвит аттарының артында жасырылды.
  6. Көбі Е әрпінен басталатын қосылғыштарды зиян деп санайды. Мысалы куркумин (Е-100) және рибофлавин (Е-101) бояғыш заттары адам денсаулығы үшін еш қауіпті емес.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: livestrong.com

С. А