Табаны дұрыс таңдап үйренейік

Дәмді әрі пайдалы тағам дайындау үшін сапалы ыдыс керек. Бұл сөзіміз табаға да қатысты. Заманауи дүкендер мұндай бұйымдардың түр-түрін ұсынатындықтан, таңдауға келгенде абдырап қалуымыз қалыпты жағдай. Ендеше, табаны қалай таңдаймыз? Ыдыс қандай талаптарға сай болуы керек? Осы туралы сөз қозғап көрелік.

Сонымен, таба таңдауда неге назар аударған жөн?

Материал

Таба әртүрлі материалдан жасала береді. Алюминийден жасалғандар тамаша жылу өткізгіштігімен ерекшеленеді. Алайда, уақыт өткен сайын оның түбі пішінін өзгерте бастайды. Ең ұзақ уақытқа жарамдысы шойыннан жасалған нұсқа. Оның басты кемшілігі – салмағының ауырлығы. Тот баспайтын болаттан жасалған табалар беріктігімен көптің көңілінен шығып жүр. Олар ұзақ уақыт қызмет етеді, алайда бағасы басқаларға қарағанда қымбат келеді.

Түбінің қабаты

Соңғы кезде екі немесе үш қабатты түбі бар бұйымдар ерекше танымалдылыққа ие болып жүр. Олар ел аузында таба-сэндвич деп аталып кетті. Олардың басты артықшылығы – көпқабатты түбінде бірнеше материалдың үйлесім табуы.

Қабырғасы мен түбінің қалыңдығы

Табаны қабырғасы мен түбінің қалыңдығына қарап ажыратуға да болады. Қабырғасы мен түбі қалың болған сайын табаның салмағы ауырлай бермек.

Қақпағының сапасы

Қақпақтың да маңызы зор. Қақпақсыз таба – бассыз адам секілді. Қазір әйнек қақпақтар кең таралған. Олардың ауыр металлдарға төтеп беретіндігіне, тез сырылмайтындығына назар аударыңыз.

Бағасы

Табаның бағасы жасалынған материалына, қақпақтың қалыңдығына, сапасына тығыз байланысты. Ұстаушының құрылымы да рөл атқарады. Бренд компаниялар ұсынған және бағасы қымбат ыдыстар қожайынын ұзақ уақыт бойы қуантып, дәмді тағамдар жасауда көмекшісіне айналады. Сондықтан, арзанға бір таба алып, жыл сайын ауыстырғанша, қымбат ыдыс алып, рақатын бірнеше жыл бойы көріңіз. Құймақтарға арналған "Mega", қуыруға арналған "Prima", терең келетін Amoret", "Zenit" табаларын алуға кеңес берген болар едік.

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет: gdld.ru