- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Іскер әйелдер жабығу...
Іскер әйелдер жабығу ауруына тез ұшырайды
Барлық істі тындырып істеймін деп быжалақ қағудың психикалық ақаусыздыққа зияны бар. Әдетте барлық істің өз еркімен дамуына рұқсат ететін аналарға қарағанда, орынсыз күйгелектеніп, пысық болып кететін "іскер аналар" жабығу ауруына оңай шалдығады.
Лас-Вегаста ашылған АҚШ қоғамдық ғылымдар академиясының жылдық мәжілісінде табысталған зерттеу нәтижесі бойынша жұмыс істеудің аналардың психологиясына пайдасы бар екені айтылған. Десе де, Вашингтон университетінің ғылыми зерттеу қызметкері Катрина Риб былай дейді: "Қызметтегі аналар жөнінен алғанда, жұмыс пен тұрмысты өзара тоғыстыруға тым зор үміт артпайтын аналардың көңіл-күйі жақсы болады".
Рибтің баяндауынша: "Өзінің қызметі мен тұрмысын тең алып жүруге күмәнмен қарайтындарға қарағанда, барлық істі тындырып істеуді ойлайтын әйелдер жабығу ауруына оңай душар болады. Осыдан бұрынғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сыртқа шығып жұмыс істейтін әйелдерде жабығу ауруы аз кезігеді. Өйткені, әйелдер жұмыс барысында аса мол қоғамдық қарым-қатынас мүмкіндігіне ие болады, түрліше шараларға қатысады, ақша табады."
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: rpgwebgame.com
M. Auelkhan