Адам кез келген жанмен бас қосып, кез келгенді сүйе алады. Жүрек ақылға көнбегенімен, ішкі ойға бағынады. Алайда адамдар бірге жүрген кездерінде бауыр басып қалса, шын сүйе ме, сүймей ме ажырата алмастан қарым-қатынасты үзбей түсініксіз күйде жүре береді.
Бұл адам өміріңізден жоғалып кетті деп елестетіңіз, онсыз күн кеше алар ма едіңіз? Өзіңізді қалай сезінесіз? Бұл сұраққа терең ойланып жауап беріңіз. Ол сізден жырақта, шетелде өмір сүретін жағдайларын қарастырыңыз. Махаббат бар жерде, тосқауыл да болады. Егер бұл адам жоқ болса, қорқыныш, мазасыздық сезімдері билей ме?
Егер сүйіктіңіз денсаулығы жөнінде түйткілді мәселеге жолықса, оны тастамайсыз ба? Бұл көптеген психологтың өмірлік маңызы бар сұрағы болып есептеледі. Некеге тұрған кезде ауруда да, қайғыда да бірге болуға уәде беремін деуі тегін емес. Егер жаныңыздағы адам айықпас ауруға шалдықса, оны өміріңіздің соңына дейін бағып өтуге дайынсыз ба?
Сүйген жаныңыз жөнінде өзгелердің жағымсыз пікірін естігенде қандай сезімде боласыз? Ал ренжісіп қалған кезде өзгелер оны жамандаса ше? Бұл сұрақты басқалардың қалжыңдап айтар сөздерімен шатастырмаңыз. Оның атына айтылған жаман сөздерге сіз де ренжисіз бе, басқалардың алдында оны ақтап алуға дәрменіңіз жете ме?
Осы сұрақтарға жақсылап ойланып жауап беріңіз, сонда қарым-қатынасты ары қарай жалғастыру керек пе, жоқ па – түсінікті болады.