Шоколад дағын кетірудің 3 тәсілі

Шоколад дағынан арылу тәсілін білу арқылы киіміңізді тазарта аласыз. Мұнымен қатар шоколад дағын кетіруді ертерек бастағаныңыз жөн.

Кір жуатын ұнтақ

1. Шоколадтың қалдығын пышақтың немесе өзге бір үшкір заттың көмегімен қырыңыз. Оның қалдығын матаның басқа бөліктеріне тигізіп алмаңыз. Матаға сіңіп қалмас үшін еш уақытта дақтың үстін қолмен ыспаңыз.

2. Артынша былғанған бөлікті суық сумен шәйіңіз. Ескерту: шоколад дағын кетіру үшін ыстық суды пайдалануға болмайды!

3. Кір жуатын ұнтақты даққа сіңдіріңіз. Сіңдірген соң киімді 5 минутке қалдырып, артынша 15 минут суық суға салып қойыңыз. Осы рәсімді дақ кетпейінше қайталап жасай беріңіз.


4. Дақ кетіруге арналған құралды пайдаланыңыз. Оны дақты ұнтақтың көмегімен кетіре алмаған жағдайда қолданған жөн.

5. Дақтың толығымен кеткеніне көз жеткізіңіз. Дақтың толық кеткенін тексеріп, киімді әдеттегідей кептіріңіз. Дақ киімнен толық кетпейінше үтіктемеңіз. Үтіктеген жағдайда дақ киіміңізде мәңгілік қалып қалуы мүмкін.


Дақты ыдыс жууға арналған құралдың көмегімен кетіру

1. Дақты пышақтың көмегімен қырыңыз.

2. Суық суға ыдыс жууға арналған құралды қосыңыз. Дайын болған қоспаны дақтың үстіне жағыңыз.


3. Қоспаның суда еритін әсері болуы тиіс. Бұл дақты толығымен кетіруге көмектеседі. Дайын қоспаны дақтың үстіне жаққан соң 30 минутқа қалдырыңыз.

4. Артынша оны таза сумен шәйіп, кептіріңіз.

Дақ, расымен де, кетпей қойды!

Бұл рәсімді жоғарыдағы екеуі жүзеге аспағанда пайдалануыңызға болады. Аталған құрал матаның сапасын бұзып жіберуі мүмкін болғандықтан, бірінші оның көмегімен кішкене мата бөлігін жуып көріңіз.


1. 3% сутек тотығы мен мұсатырлы спирттен бірнеше тамшы қосып тұнба жасаңыз. Тұнбаны дайындау барысында қолыңызға міндетті түрде қолғап киіңіз, және  3%-дан артық сутек тотығын пайдаланудың қажеті жоқ. Мұнымен қатар мүсәтір спирті болмаса, тек сутек тотығын пайдалануға болады.

2. Тұнбаны шоколад дағы түскен матаның үстіне құйыңыз. Бұл қоспаны 15 минуттен артық пайдалануға болады.

3. Тұнбаны суық судың көмегімен толық кетіріп, киімді кептіріңіз. Осылайша шоколад дағы толығымен кетеді деген үміттеміз.

Ал сіз киімге түскен шоколад дағын қалай кетіресіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com