Уақыт өте келе шәугімнің түбіне қақ тұрып қалады. Оны тазартуға лимон қышқылы көмектеседі.
Қақ – шәугімнің түбі мен қабырғаларына тұрып қалатын ізбесті тат. Ол су құрамындағы тұздан пайда болады.
Қақ ағзаға енсе, бауыр мен несеп-жыныстық жүйесіне зияны тию мүмкін.
Дүкенде ұсынылатын химиялық құралдар адам ағзасына зиян. Әрі ол шәугімді қаспақтан 100 пайыз тазартатынына кепіл жоқ. Сол себепті денсаулыққа еш зияны жоқ, әрі арзан құрал – лимон қышқылын пайдалануға кеңес береміз.
Лимон қышқылының бір бумасын шәугімге салыңыз. Содан соң оған су толтырып, тұндырып қойыңыз. Қышқылы бар суды қайнатудың қажеті жоқ. Химиялық реакция бөлме температурасымен-ақ басталады.
Тат еріген соң суды төгу керек. Содан соң шәугімге таза су құйып, 2 рет қайнатыңыз. Құрғақ матамен ішін жақсылап сүртіп шығыңыз.