Қыз баласы сұлулыққа, әдемілікке жақын. Олардың қолөнерге, бұйым жасауға деген икемі және ниеті болғаны әсте дұрыс. Бос кезде түрлі банттарды, әдемі гүлдерді қолдан жасап, шеберлікпен айналысып тұрсақ, шығармашылық қабілетімізді арттырамыз. Олай болса, мынадай шашқа тағатын гүлді бұйымды өзіміз жасап көрейік!
Ең алдымен мөлшері осындай кішкене қиық ақ матаны қақ ортасынан бүктейміз.
Содан соң, жиектерін суретте көрсетілгендей етіп тігіп шығамыз. Бес қиықты да дәл осылай дайындаймыз.
Дайын бес күлтені біріктіріп, мынадай етіп аппақ гүл жасаймыз.
Дайын болған гүлімізді шеңберге (ободок) бекітеміз.
Гүлдерді бір-бірлеп бекітіп, шашқа арналған әшекейімізді дайындаймыз.
Міне, біздің бұйымымыз да дайын! Әдемілікті өзіміз де жасай аламыз, қыздар!