- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Сенбілікке зауқым жоқ......
Сенбілікке зауқым жоқ...
Міне, араға бір апта уақыт салып, сенбі де келіп қойды. Ал бұл үй жинап, кішігірім сенбіліктің болу керектігін көрсетеді. Еден мен ыдыс, кір жуу, шаң сүртіп, үй жинастырған әр қыз-келіншектің міндеті. Бұл шаруаларға әбден үйренсеңіз де, кейде сенбілікті бастағыңыз келмей тұрады. Жасыратын ештеңе жоқ, үй жинау - ең жалықтырарлық істердің бірі.
Ерініп, сенбілікке кіріскіңіз келмей тұрғанда мына кеңестерге жүгініп, өзіңізді-өзіңңіз қолға алыңыз.
1. Үй жинауға еш ықыластың болмауы істеріңіздің көптігімен түсіндіріледі. Ойыңызда істелуі тиіс шаруаларды еске ала бастағанда-ақ оларды тастағыңыз келеді. Бірақ, расында бәрі соншалықты қиын ба? Ойларыңызды жүйелендіру үшін, істеріңіздің тізімін жазсаңыз болады. Олардың қайсысы шұғыл, ал қайсысы күте тұра алатындығын анықтаңыз. Осылайша бірінші іске кірісіп, болғаннан кейн тізіміңізге + қоюды ұмытпаңыз.
2. Өзіңізді тәрбиелеңіз. Үй жинаудағы әр істелінген шаруа үшін өзіңізді марапаттаңыз. Шаң сүртіп болдыңыз ба - демалып шай ішіңіз, кір жудыңыз ба - тәтті шоколад жеңіз. Ал егер керісінше үй шаруаларын істемесеңіз, өзіңізді кешкі кинотеатрға серуеннен айырыңыз.
3. Үй жинағанда сүйікті әуеніңізді қосқан жөн. Дауысын шамалы шығарып, өзіңіз де әнге қосылып айтсаңыз, сенбіліктің біткенің байқамай да қаласыз.
4. Әрине, жақындарыңыз бен отбасы мүшеліріңізбен бірге жинаған әлдеқайда қызық. Егер олар келіссе, нұр үстіне нұр болар еді.
5. Үй жинау - күш пен қуатты талап ететін іс. Ғалымдардың айтуынша физикалық және ақыл еңбегімен қатар айналысқан адам бірден шаршамайды екен. Үй жұмыстарын сабақтарыңызбен қатарлатып істесеңіз, екі істі де бітіріп, шаршағаныңыз да басылады.
6. Әрине, жалғыз демалыс күні өзіңізді диваннан көтеріп үй жинату үшін стимул керек. Мысалға үйге достарыңызды қонаққа шақырыңыз. Достарыңыз үйіңізді таза түрінде тамашаласын десеңіз, әлбетте үй жинайсыз.
7. Сондай-ақ сенбілікке барынша жағымды жағдайлар жасау керек. Үй жинауға қажет сұйықтықтар мен губкаларды, қолғап, қырғыштарды алдын-ала алып қойғаныңыз жөн.
Сенбілігіңіз сәтті өтсін!
Сурет: boommax.ru.
С. А