Сенбілік. Үйіңіз көңіліңізді көтерсін

Сенбілік. Үйіңіз көңіліңізді көтерсін

 Шаң-тозаң мен ескі заттар - көңіл-күйдің көтеріңкі болуына кері әсерін тигізеді. Қажеті жоқ артық заттарды аямай қоқысқа тастап үйреніңіз. Ескі заттардың өзі жағымсыз энергия беретінін біреу білсе, біреу білмейді. Ескі заттарды лақтырып жатқанда, "Мен оның орнына міндетті түрде су жаңасын аламын!" деп ойлаңыз.

 Еденді теңіз тұзы қосылған сумен жууды әдетке айналдырыңыз. Тұз бүкіл негативті жұтып алатын қасиетке ие, әрі еденді тап-таза қылады. Тұзды еден мен кілемге шашып тастап, 20 минуттан соң шаңсорғышпен сорып алыңыз. Одан кейін еденіңізді мұқият сулы шүберекпен сүртіп шығыңыз. Үйіңізді селсоқ жүріп жинамаңыз, үй жинауға көңілімді көтеретін ермегім деп қараңыз. Үй жинап жүріп, тек қана жақсы нәрселер ойлаңыз. Басыңызда "Мына жерге сәті түскенде әдемі жиһаз сатып аламын", "Мына жерге сүйіктім отырып теледидар қарайтын болады"деген сияқты сізді еріксіз жымитатын жақсы ойлар ғана болсын. 


 Пердеден бастап, үйдегі әрбір жиһаздың қандай материалдан жасалғанын біліп алу маңызды! Материалын біліп алған соң, оны қалай күту керектігін білу оңайға соғады.

 Жарты жыл бойы пайдаланылмаған әрбір зат жағымсыз энергия шығарады. Жарты жылдай кимеген киіміңіз жағымды энергия шығару қасиетінен айырылады. Үйде тек қана пайдаға асатын заттарыңыз тұруы керек. 

 Үй жинап болғаннан кейін, ойша әрбір заттың "тазаланғанға дейін" және "тазаланған соңғы" кейпін елестетіңіз. Нәтиже бар ма? Әлбетте! 

 Үйіңізді 15 минуттан кем жинамаңыз. Үйге жанды нәрсе ретінде қараңыз. Ол да өзін күтіп-баптағанды жақсы көреді. Қолыңыз қалт еткенде, үйіңізді сәндеңіз, жиһаздардың орын ауыстырыңыз, шаң-тозаңды қағып-сілкіп, өз көңіліңізді өзіңіз көтеріңіз!

Сурет:soborjane.ru

Форумда ой бөлісейік

Р. Роза