- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Сенбілік. Үй жинауды...
Сенбілік. Үй жинауды неден бастау керек?
Үй тірлігінсіз демалыс, демалыс бола ма? Әсіресе қыздар үшін. Ұйқымызды қандырып, екі күн бойы асыр салып, демалғымыз келсе де өнегелі қыз ретінде үйді шаңнан тазартып, сәнге келтіру - біздің міндетіміз.
Адамзатқа тән еріншектік «ертеңге» салып, тартыншақтап тұрары анық. Мұндай кезде бөлменің ортасында, он минуттай тұру керек деп кеңес береді. Біраз уақыттан кейін жұмысқа құлшыныс артады екен.
Ал, енді сенбілікті бастайық:
- Төсек орын бельесін, көрпе-жастықтың тыстарын, орамалдарды ауыстырамыз;
- Төсекті әдемілеп жинаймыз;
- Есікке, орындықтың жақтауларына ілінген киімдерді жинаймыз. Кір киімдерді – жууға саламыз, тазаларын – шкафқа; Жиһаздардың астын дұрыстап тексеріңіз, астынан біршама шұлық тауып алуыңыз мүмкін;
- Сөрелерді реттестіреміз, керегі жоқ заттарды лақтырамыз, керегін орындарына қоямыз;
- Арнайы шаң сүртуге арналған шүберекпен шаң сүртеміз;
- Антистатигі бар арнайы порошокпен жылтыр жиһаздарды сүртеміз;
- Айналарды сүртеміз;
- Санитарлық құрылғыларды тазартамыз, ванна және дәретханадағы плиткаларды жуамыз, кілемшелерін қағамыз;
- Кіреберістегі кілемшені жуамыз;
- Шаңсорғышпен алаша-кілемдердің шаңын сорамыз;
- Бұрыш-бұрышын қалдырмай, ернеуліктеріне дейін еденді мұқият жуамыз;
- Аромалампаны қосамыз да, демаламыз.
Сурет: nordicbridge.org
A. Mustafina