Шынымызды айтсақ, көбіміз үй жинағанды жек көреміз. Ал жұмыс пен басқа шаруалар толып тұрған кезде үй жинауға мүлдем уақытымыз болмайды. Осындай кездерде тек керекті жерлерді жинастырып кеткен дұрыс. Ол қандай жерлер? Берілген бір бөлмені қаншалықты жиі жинау керек? Мына үй жинау күнтізбесі арқасында уақытыңызды тиімді пайдаланып, үйіңізді тазалықта ұстай аласыз.
Күнделікті істелуге тиіс:
Ас үй:
Қоқыс шығару; Ыдыс-аяқты жуу; Үстелдердің бетін сүрту; Раковинаны тазалау; Еденді шаңсорғыш көмегімен тазалау, дақтарды ылғал шүберекпен кетіру;Ванна мен туалет:
Кран мен басқа хромдалған беттерді сүрту; Сабынның дақтарын тазалау; Сабын су, тіс щеткасы сияқты заттарды орындарына қою;Басқа бөлмелер:
Киім, кітаптар, ойыншықтар және т.б. заттарды орындарына қою; Төсек орындарды жинау; Поштаны тексеріп, қажет емес қағаздарды лақтыру.Апта сайын істелуге тиіс
Ас үй:
Жұмыс беттерін, ас үй жиһазы мен техникасының көрінетін беттерін сүрту; Микротолқынды пешті ішінен және сыртынан жуу; Тоңазытқыштың ішін ретке келтіру; Еденді сыпырып, жуу; Үстел мен орындықтардың бетін сүрту.Ванна мен туалет:
Раковина мен ваннаның ішін жақсылап жуу; Айнаның бетін сүрту; Унитаздың ішін дезинфекциялау; Сабын мен тіс щеткасын салатын жерлерді жуу; Кафельді сүрту; Еденді сыпырып, жуу.Басқа бөлмелер:
Жиһаздың, кітаптардың, ілінген суреттердің, электрониканың, шамдардың бетінен шаң сүрту; Шаңсорғыш көмегімен еденнің, жиһаздың шаңын жинау; Ағаш есіктерді сүрту; Қоқыс жәшіктерін жуу; Айна беттерін сүрту; Ескірген газет мен журналдарды жинап, лақтыру.Арасына бірнеше апта салып істелуге тиіс:
Ас үй:
Тоңазытқыштың үстін жуу, артын шаңсорғыш көмегімен шаңнан тазалау; Тоңазытқыштың ішін жақсылап жуу; Сөрелердің ішін ретке келтіріп, жуу; Терезелер мен перделерді жуу; Шамды жақсылап жуу; Пісіру пешінің ішін жуу.Ванна және туалет:
Душқа арналған ванна пердесін жуу; Сөрелерді ретке келтіру, қажет емес, сақталу уақыты өтіп кеткен сабын суларды лақтыру; Шамды жуу;Басқа бөлмелер:
Жылыту батареялары, переде ілінетін жерді шаңсорғышпен тазалау; Терезелерді жуу; Шамды жуу; Жиһаздың орын ауыстырып, астын тазалау; Жиһазды арнайы сұйықтықпен сүртіп, жылтырын келтіру; Кілем мен паластарды жақсылап тазалау; Матрастарды тазалау; Киім сөрелерін ретке келтіру, керек емес киімдерді лақтыру; Балкон, гараж, жертөле, шатырды ретке келтіріп, тазалау; Ыдыс-аяқ, кітаптар тұрған сөрелерді тазалау.Сурет skidbon.kz.