Көктемнің суық күндері аяғына таяп, нағыз шуақты көктем келген сияқты. Жылы киімдерді келесі қысқа дейін сөрелерге тығып қойса да болады. Киімнің таза, бұзылмай сақталуының да сырлары бар екенін білесіз бе? Бүгінгі сенбілік осыған арналмақ.
Сонымен, қандай да бір киімді сөреге салмас бұрын, оны басында тазалау керек. Күйе көбелек пен шыбын-шіркейлерді бірінші кезекте кір киім қызықтырады.
Күйе көбелектен қорғаныс
Күйе көбелекті, айтып өткеніміздей, бірінші кезек май мен терден қалған дақтары бар киім қызықтырады. Сондықтан да киімді алдын ала тазалау шарт. Киімді сақтайтын шабадан не сандықты тазалап, желдетіп, ішін сірке суымен сүртіп, газет төсеп қою керек (күйе көбелегі типографиялық бояуды жек көреді). Киімді салып болғаннан кейін, үстінен ескі, бірақ таза жайма төсеу керек.
Киімді күйе көбелектен сақтау үшін, оны арасында шығарып, желдетіп тұру керек. Күйе көбелектердің жұмыртқалары мен құрттары жарық пен ауа әсерінен өлуі әбден мүмкін.
Күйе көбелектерінен сақтайтын нафталин, ментол, камфара кристалдары, апельсиннің кептірілген қабығы, қазоты бұтақтары, лаванда, жалбыз, түймедақ шөптері.
Ілу керек пе, бүктеп салу керек пе?
Ілінген киімдерді тазалықта, үстіне арнайы қап кигізе отырып сақтау керек. Оларды бәрімізге таныс жаймалармен де алмастырса болады. Киімді химтазалаудағы целофан пакеттерінде сақтамаған жөн.
Ілгіштерге костюм-шалбарларды ілгеніңіз жөн. Ал трикотаж бұйымдарын ілгіштерге ілмей, бүктеп сақтаңыз. Бұл оларды созылып кетуден сақтайды.
Тері аксессуарлары
Теріден тігілген қолғаптарды қағазға орап сақтаңыз. Аяқ-киім мен сөмкелердің тазалығына ерекше көңіл бөліп сақтаңыз. Аяқ қиімдердің ішіне бөтелкелер салып қойсаңыз, ол пішінін жақсы сақтайды.
Сурет: sgk-urep.ru.