Сенбілік... Дақтарды кетіру оңай

Сенбі күні - тазалық күні.  Әр үйден табылатын нәрселерді орнымен пайдалана білу - нағыз өнер. Ендеше, мына кеңестерімізге құлақ түріңіздер.

Тұзды үйде қолдану жайлы жазып өткен едік. Соған қосарымыз әлі де бар.

Адам терлеген кезде ашық түсті киімнің қолтығында сарғыш дақтар қалып қояды. Осындай киімдерді жумас бұрын, тұз ертітіндісіне салса, дақтар тез кетеді. Жаңа сатып алынған джинсы шалбары тым қатты болса, кір жуатын ұнтаққа 1/3 бөлік тұз салып жуыңыз, шалбарыңыз жұмсарады. 

 

Ас содасы  ыдыс-аяқты жақсы тазартады.

Шыны, фарфор, күміс ыдыстарындағы май мен дақтарды ерекше жақсы кетіреді. Ыдыстағы жағымсыз иістерді де жояды. Күмістен жасалған қасықтардың жылтырын қайтарады. Ол үшін кастрөлге ыстық су құйып, жарты стақан ас содасын қосыңыз. Осы суда қасықтарды шайыңыз. Ескі жиһаздағы жағымсыз иісті кетіру үшін оның ішіне құрғақ ас содасын сеуіп қойыңыз. 1-2 сағаттан соң, шаңсорғышпен жинап алыңыз. 

 

Лимон шырыны  майлы кірді жақсы тазартады.

Жаңадан сығылған лимон шырынын майлы даққа жағып, жарты сағатқа қоя тұрыңыз. Үстінен ас содасын сеуіп сүртсеңіз, майлы кір бірден кетеді. Ағаштан жасалған жиһазды жылтырату үшін зәйтүн майы мен лимон шырынының 2:1 есебіндегі қосындысын қолданыңыз.  Сарғайып кеткен ақ киімдерді жаңарту үшін оны лимон тілімдері қосылған ыстық суға салыңыз. Темірдің таттанып кеткен жерлерін тұз бен лимон шырыны қосылған ерітіндісімен сүртсеңіз болады.

 

Сия дағын кетіру 

Жаңа тиген сия дақтарын кетіру үшін ерітілген мүсәтір спиртімен ас содасын (бір стақан суға 1-2 шай қасық) қолданады. Сондай-ақ, жаңа түскен дақтар сүтпен де жақсы кетіріледі. Ашыған сүтті де қолдансаңыз болады. Дақ түскен киімді сүтке бірнеше сағатқа малып, кейін киімді мүсәтір спирті ерітіндісімен жуыңыз. Дақтың айналасында шеңберлер пайда болмасын десеңіз, матаның дақ түскен жерін жумас бұрын жіппен түйіп қойыңыз. Сия дақтарын 1:2 қатынасындағы сірке суының ерітіндісімен кетіруге болады (жібектен басқа). Ерітіндімен дақ түскен жерді дымқылдатып, саусақпен сығымдайды. Қажет болса, қайталап, сумен шайыңыз.

 

Форумда талқылайық.