Ас үйіңізді аптасына бірнеше рет жуып тұрсаңыз да, жағымсыз иістерді байқайсыз ба? Олардан құтылатын кез келді!
Жағымсыз иістің шығу себебі:
1. Жаман иісті сіңірген ыдыс-аяқ;
2. Қоқыс шелегі;
3. Тоңазытқыш не ыдыс жуғыш машина;
4. Раковина;
Иістен арылу жолдары:
1. Жағымсыз иістен бірден тазалап отыру. Мысалы, кешегі балық немесе теңіз өнімдерінің иісінен арылу үшін 3 ас қасық сірке суын 1 литр суда араластырып, оны қайнатып, осы сумен иіс жұққан беттерді немесе ыдысты шайыңыз.
2. Қоқысты ұмытпаңыз. Қоқыс жәшігін қадағаламайтын болсаңыз, ас үйде ерте ме, кеш пе жағымсыз иіс пайда болады. Сондықтан қоқыс тастағаннан кейін қағаз салфеткаларын қолдануды әдетке айналдырыңыз. Олармен төгілген сұйықтықтар мен қоқыспен былғанған жерлерді сүртіп отырыңыз. Қоқыс жәшігінің түбіне дезинфекциялаушы сұйықтықты немесе сол баяғы сірке суы мен судың қосындысын шашып отыру керек. Аптасына бір рет істелінген осы шара ас үйіңізді жағымсыз иістерден сақтайды.
3. Үй техникасы жайлы ұмытпаңыз. Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмастан бұрын оны қоқыстардан тазалау керек екенін білесіз бе? Машинаның сүзгілеріне сондай қоқыс жиналып, уақыт өте келе, иіс шыға бастайды. Бұндай иістен құтылу үшін машинаның сүзгісін тазалауға тура келеді. Ол машинаның астында орналасқаннан тазалау процесі қиынға түспек. Сол жердегі кір қоқысты қағаз салфеткамен жинап, ыдыс жуғыш машинаны ыдыссыз шаю режиміне орнатыңыз. Кейін оның есігін ашып қойып, шамалы уақытқа желденуге қалдырыңыз.
Тоңазытқышты тазалағанда, біріншіден, керек емес қоқысты лақтырып тастаңыз. Оған баяғы заманда алынған, сақталу уақыты өтіп кеткен азық- түліктер жатады. Сондай-ақ мұздатқыштағы мұз кесектері иістерді жақсы сақтайтындықтан, оларды да лақтырғаныңыз жөн болар. Губка көмегімен төгілген сұйықтықтардан қалған дақтарды сүртіп, бірнеше жерге тосап салатын ыдысқа ас содасын құйып, бетін ас қабықшамен жауып, үстіне бірнеше тесік істеп, тоңазытқышқа қойыңыз. Ас содасы үш ай бойы жағымсыз иістерді бейтараптандырып тұрады.
4. Раковина мен суағардағы жаман иістерге себепші - құбыр шеттеріне жабысып қалған тамақ қалдықтары. Бүл жердегі кірдің көзін құртамын десеңіз, ескі тіс щеткасымен тазалағаныңыз жөн болар. Сондай-ақ суағарға жарты стақан ас содасын сеуіп, үстінен ыстық суды қатты ағызсаңыз болады. Бұл көмектеспеді ме? Онда суағардың ішін ашып, жақсылап бір тазалауға тура келеді.